26.06.2014, 19:15 2689

ҚР БҒМ Қаржы орталығы мен ЮНИСЕФ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астанада қазақстандық және шетелдік сарапшылар Қазақстандағы орта білім берудегі адам басын нормативті қаржыландырудың пилоттық жобасын сынауды талқылау барысында ҚР БҒМ Қаржы орталығы мен Юнисеф ҚР орта білім беру қаржыландыруын қайта қарау бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Алматы. 26 маусым. Kazakhstan today. Астанада қазақстандық және шетелдік сарапшылар Қазақстандағы орта білім берудегі адам басын нормативті қаржыландырудың пилоттық жобасын сынауды талқылау барысында ҚР БҒМ Қаржы орталығы мен Юнисеф ҚР орта білім беру қаржыландыруын қайта қарау бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

"Біз үшін, яғни БҰҰ балалар қоры үшін - Министрлікпен, Қаржы орталығымен сондай-ақ, мектептермен қарым-қатынас орнату өте қолайлы. Біз елде әр түрлі бағыт бойынша бұрыннан жұмыс істеудеміз", - деді БҰҰ балалар қоры өкілінің орынбасары (ЮНИСЕФ) Жанар Сағымбаева.

Оның айтуынша, бірінші кезекте аз қамтылған балаларға көмек көрсету қажет.

"Біз аз қамтылған отбасылардың балаларына ерекше көңіл бөлеміз. Сондықтан да, адам басын қаржыландыру моделі қоғамның аталмыш топтарына бағытталған. Ол барлық балалардың әлеуметтік жәрдемақыға бірдей қолжетімділігін қарастырады", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны