13.06.2016, 14:50 5007

ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметіне Бибігүл Асылова тағайындалды

2014 жылдан бастап білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалғанға дейін қаржы министрлігініӊ әлеуметтік сала бюджеті департаментініӊ директоры қызметін атқарды.

Астана. 13 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ қаулысымен Бибігүл Амангелдіқызы Асылова ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Б.Асылова 1975 жылғы 20 қыркүйекте Көкшетау облысында дүниеге келген, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Нархоз университеті) тәмамдаған.

Еӊбек жолын Көкшетау облыстық қаржы басқармасынан бастады.

Көп жылдар бойы қаржы министрлігі жүйесінде еӊбек етіп, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігініӊ, мәдениет, ақпарат және спорт министрлігініӊ, еӊбек және әлеуметтік қорғау министрлігініӊ, статистика агенттігініӊ бөлімдерін, басқармаларын, департаменттерін басқарды.

2014 жылдан бастап білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалғанға дейін қаржы министрлігініӊ әлеуметтік сала бюджеті департаментініӊ директоры қызметін атқарды.

"Ерен еӊбегі үшін" мемлекеттік медалімен марапатталған.

Көптеген құрмет грамоталары, мерейтойлық медалдары және алғыс хаттары бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны