20.12.2011, 12:49 3109

ҚР бірінші вице-премьері Жаңаөзен қаласында үкіметтік комиссия мүшелерімен кеңес өткізді

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "нақты нәтижеге жетуге бағытталған бірінші кезектегі жұмыс жоспарын айқындау, соның ішінде коммуналдық және басқа да әлеуметтік қызметтердің жұмысын жолға қою қажет", деп атап өтті Ө.Шөкеев.

Ақтау. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР бірінші вице-премьері, Жаңаөзен қаласы мәселелерін кешенді шешу жөніндегі үкіметтік комиссияның төрағасы Өмірзақ Шөкеев қала комендантының штабында үкіметтік комиссия мүшелерімен кеңес өткізіп, онда жедел топтар жетекшілерін тыңдады және бірқатар нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "нақты нәтижеге жетуге бағытталған бірінші кезектегі жұмыс жоспарын айқындау, соның ішінде коммуналдық және басқа да әлеуметтік қызметтердің жұмысын жолға қою қажет", деп атап өтті Ө.Шөкеев.

Ішкі істер министрі Құлмұханбет Қасымов өз баяндамасында қылмыстардың азайғанын және жағдайдың тұрақталып келе жатқанын атап өтті. "Команданттық сағат жұмыс жасауда, рұқсатнама беру, соның ішінде жеке автокөлікке рұқсат ету бойынша жұмыстар жолға қойылды", - деді ҚР ІІМ министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны