01.03.2012, 09:47 3575

ҚР бірінші вице-премьері Жаңаөзендегі жұмыс сапарының қорытындысын шығарды

"Біз Жаңаөзенге барып, ондағы тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын қарап шықтық, үйлер қалпына келтіріліп, бірқатар нысандардың жөндеуден өткенін көрдік. Жұмысқа қайта алынған адамдар бүгінде техникамен қамтамасыз етіліп, жұмысқа кірісіп отыр", - деп мәлім етті С.Ахметов Ақтауда болып өткен брифинг барысында.

Ақтау. 1-наурыз. Kazakhstan Today - ҚР бірінші вице-премьері Жаңаөзендегі жұмыс сапарының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз Жаңаөзенге барып, ондағы тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын қарап шықтық, үйлер қалпына келтіріліп, бірқатар нысандардың жөндеуден өткенін көрдік. Жұмысқа қайта алынған адамдар бүгінде техникамен қамтамасыз етіліп, жұмысқа кірісіп отыр", - деп мәлім етті С.Ахметов Ақтауда болып өткен брифинг барысында.

С.Ахметовтың атап өтуінше, "Қазмұнайгаз" БӨ" мен "Өзенмұнайгазда" келіссөздер жүргізіліп, солардың қорытындысы бойынша "Өзенмұнайгаз" жұмысқа қайта алынған адамдарды нақты жұмыспен толық қамтамасыз ету міндетін алып отыр.

Сонымен қатар сапар барысында қаланың тіршілігін қамтамасыз ету, жылумен және сумен жабдықталу, абаттандыру мәселелері қарастырылды, бұл жерде одан да үлкен жұмыс күтіп отыр, деп атап өтті вице-премьер.

"Қарыздар мен несиелерді қайта құрылымдау мәселелері қарастырылды. Бұл мәселе наурыз айына дейін мұқият қарастырылады. Бұл қарыз алушылардың екінші деңгейдегі банктермен жеке жұмысы. Бұл жұмыс наурыз айында аяқталып, адамдар өздерінің несиелерін қайта құрылымдау аясында түсіністікке ие болады деп ойлаймын", - деп қосты С.Ахметов.

"Жаңаөзендегі өмір қалыпты жүріп жатыр. Үкімет Президент тапсырмасымен қолданған барлық шараларды қысқа мерзімде орындайтын болады", - деп түйіндеді С.Ахметов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапарының барысында С.Ахметов Жаңаөзен қаласының орталық қазандығының қайта құрылуы және кеңейтілуі барысымен танысып, ауызсуды тазалау стансасында болды, қала тұрғындарымен жиын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны