17.02.2014, 19:28 3124

ҚР - да 2014 жылы МЖС жүйесі бойынша 40-қа жуық денсаулық сақтау нысандарын салу жоспарлануда - С.Қайырбекова

"2013 жылы денсаулық сақтауға 838,2 млрд. теңге бағытталды, 2012 жылмен салыстыратын болсақ ол 14%-ға жоғары. Республикалық бюджет қаржысы 99%-ға игерілді. 2013 жылы біз саланың басты көрсеткіші - өмір сүру ұзақтығын арттыруға бағытталған іс-шараларға көбірек ден қойдық",- дейді С.Қайырбекова.

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанда ағымдағы жылы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жүйесі бойынша 40-қа жуық денсаулық сақтау нысандарын салу жоспарлануда. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасын талқылау барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

"2013 жылы денсаулық сақтауға 838,2 млрд. теңге бағытталды, 2012 жылмен салыстыратын болсақ ол 14%-ға жоғары. Республикалық бюджет қаржысы 99%-ға игерілді. 2013 жылы біз саланың басты көрсеткіші - өмір сүру ұзақтығын арттыруға бағытталған іс-шараларға көбірек ден қойдық",- дейді С.Қайырбекова.

Оның мәліметі бойынша, бала туу көрсеткіші мен адам өлімінің тұрақталуына байланысты халық санының табиғи өсімі 4,6%-ға артты. Өмір сүру ұзақтығы 69,61 жылдан бір жыл ішінде 0,69 жылға, 2012 жылы 2013 жылға дейін 70,3 жасқа өсті.

"МЖС жүйесі бойынша 39 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, әр аймақта МЖС жүйесі аясында 2,3 емдеу мекемесін салу мәселесі қарастырылуда. Бүгінгі таңда министрлікте МЖС жүйесінің 3 нұсқасын салу қарастырылуда. Бірінші нұсқа - жұмыс істеп жатқан нысанды сенімгерлік басқаруға беру. Екіншіден нысанды жалға беру көзделуде. Үшінші нұсқада инвестормен болашақта мемлекет меншігіне беру және бермеу үшін аурухана мен емхананы салу және пайдалануға беру туралы келісімге отыру көзделген", - деп министр ағынан жарылды.

Ведомство басшысының айтуынша, барлық үш нұсқа бойынша қызметтің саласы сақталып, 30 жылға дейін ұзақмерзімді ұстаным аясында жүзеге асырылуы керек.

Айта кетерлік жайт, МЖС жүйесі аясында жобалар байқау өткізу негізінде жүзеге асырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны