28.04.2017, 21:05 6134

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы облысына жұмыс сапарымен келді

Еліміздіӊ әр тұрғыны емханаға тіркелу науқаны аясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Амантайұлы Біртанов 2017 жылдыӊ 28 сәуірі күні Алматы облысына жұмыс сапарымен келді.

Талдықорған. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ әр тұрғыны емханаға тіркелу науқаны аясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Амантайұлы Біртанов 2017 жылдыӊ 28 сәуірі күні Алматы облысына жұмыс сапарымен келді.

Іс-шара аясында ведомства басшылығы Талдықорған қалалық №2 қалалық емхана, қалалық көпсалалы аурухана, "Нур Авиценум" медициналық орталығыныӊ жұмысымен танысып, қалалық көпсалалы ауруханасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жайында дәрігерлермен кездесу (презентация, тақырыпты талқылау) өткізді.

2017 жылдыӊ 1 шілде айынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі. Ал 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап Қазақстан азаматтары және сақтандырылған тұлғалар үшін медициналық сақтандыру шеӊберінде медициналық қызметтер қолжетімді болмақ.

2016 жылдыӊ қазан айынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша медициналық ұйымдардыӊ басшылары Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде, Талдықорған медициналық колледжінде орта буын медициналық қызметкерлер кезеӊ-кезеӊмен оқытылуда, бүгінгі күні оқумен қамту 68%-ды құрады.

Облыс әкімініӊ орынбасары денсаулық сақтау басқармасымен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ медициналық қызметке ақы төлеу комитетініӊ Алматы облысы бойынша департаментімен келісілген, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысыныӊ III кезеӊін өткізуге жауапты спикерлердіӊ тізімін бекітті.

Бұдан өзге, облыстық және аудандық/қалалық деӊгейлерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша 2017 жылдыӊ ақпан-маусым айларына медиа-жоспар бекітілді.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған жоспарға сәйкес, облыстық "Огни Алатау", "Жетісу", "Жәрдем", "Алатау", қалалық "Талдау хабаршысы", "Бизнес Дайджест", "Текелі тынысы", "Талдықорған ақшамы" және басқа газеттерде, аудандық газеттерде дәрігердіӊ және медициналық қызметкердіӊ статусын көтеру бойынша 22 имиджілік мақала, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық материал жарияланды.

Денсаулық сақтау басқармасы облыстық "Огни Алатау", "Жетісу" газеттерініӊ редакцияларымен бірлесіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған арнайы мақала шығарды. Сақтандыру медицинасы тақырыбына бұқаралық ақпарат құралдарында 103 мақала жарияланды.

"Жетісу" телеарнасыныӊ тікелей эфирінде 14 ақпан күні облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ бөлім басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша сұрақтарға жауап берді, 2017 жылғы 10 ақпан күні баспа үйінде денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы "Медициналық сақтандыру - ортақ жауапкершілік" тақырыбында брифинг өткізді.

ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі Алексей Цойдыӊ 2017 жылғы 27 наурыздағы Алматы облысына жұмыс сапары барысында ол өӊірдіӊ медицина қауымымен кездесу өткізіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесініӊ негізгі басымдықтарын түсіндірді және Мемлекет Басшысыныӊ денсаулық сақтау саласын жаӊғырту бойынша Жолдауыныӊ негізгі бағыттарын іске асыру туралы мәлімдеді.

Бұдан өзге, медициналық қызметке ақы төлеу комитетініӊ аумақтық департаментініӊ басшысы 2017 жылғы 29 наурызда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі бойынша Алматы облысыныӊ кәсіпкерлер палатасы - ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ "Атамекен" аумақтық бөлімшесі ұйымдастырған кездесуге қатысты.

Алматы облысыныӊ мемлекеттік кіріс департаментінде 2017 жылғы 30 наурызда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша облыс жұртшылығыныӊ қатысуымен дөӊгелек үстел өткізілді.

Қазақстанда 2017 жылғы 5 сәуірде тұрғындарды тіркеу бойынша "Емханаға тіркел - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз статусыӊды анықта!" кампаниясы басталды.

Осыған байланысты, 2017 жылғы 7 сәуірде сағат 11.00-де "Баспа үйініӊ" мәжіліс залында "Емханаға тіркел - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз статусыӊды анықта!" тақырыбында баспасөз конференция өткізілді.

Бүгінгі күні облыс бойынша елді мекендерде 1383 кездесу өткізілді, тұрғындардыӊ ақпараттық-профилактикалық жұмысымен 129 126 адам қамтылды.

Денсаулық сақтау басқармасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тақырыбына кітапшалар, буклеттер, баннерлер дайындады, қазіргі кезде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудыӊ негізгі қағидаттарын түсіндіру бойынша бейнероликтер түсірілуде, осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 30,0 млн.теӊге бөлінді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны