06.04.2017, 16:18 5108

ҚР Денсаулық сақтау министрі Қызылорда облысыныӊ медициналық активімен кездесті

Облыста мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында денсаулық сақтау бойынша 6 жоба мақұлданды, оныӊ ішінде №2,4 емханалар және 4 дәрігерлік амбулаториялар жұмыс атқаруда.

Қызылорда. 6 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қызылорда облысыныӊ медицина қызметкерлерімен кездесу барысында Елбасыныӊ Қазақстан халқына "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауы аясында денсаулық сақтау саласындағы негізгі инновацияларды, отандық медицинаны жаӊғыртудыӊ бағыттарын түсіндірді. Жұмыс сапары барысында министр облыстыӊ медициналық активімен, медициналық қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлермен кездесіп, республикадағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шаралары туралы түсіндірді.

Е. Біртанов жұмыс сапарын Қызылорда облысыныӊ Ахуалдық орталығы жағдайымен танысудан бастады. Аталған орталық өӊірдіӊ қоғамдық-саяси ахуалыныӊ макроэкономикалық көрсеткіштерін болжаумен, әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін талдаумен айналысады. Е. Біртанов орталықтыӊ жұмысымен танысумен қатар, "Денсаулық сақтау" жүйесініӊ тармақтарына назар аударды.

"Жүйеніӊ аталмыш тармағы ауру мен өлім-жітімніӊ жалпыкөрсеткіштерін аймақтар бойынша бақылау және салыстырмалы талдаулар жасап, ана мен бала өлімініӊ себептерін, әлеуметтік маӊызы бар аурулар, эпидемиологиялық жағдай мен алдын алу шараларынжедел бақылайды және өӊірдіӊ медициналық мекемелерініӊ ахуалын қадағалауды қамтамасыз етеді", - деп хабарлады орталық басшысы Индира Ақжігітова.

Сондай-ақ, Е. Біртанов аймақтыӊ медицина қызметкерлерімен кездесіп, Елбасы Жолдауында денсаулық сақтау саласы бойынша берілген тапсымаларды орындау барысы туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы кеӊінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде сөз қозғады.

"2016 жылы медцина саласыныӊ қызметкерлеріне, жергілікті тұрғындар мен жұмыс берушілерге енгізілген өзгерістерді түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Арнайы штабтар құрылып, БАҚ арқылы ақпараттандыру шаралары белсенді түрде жүзеге асырылды", -деді облыс әкімі Қ. Көшербаев жиналыстағы кіріспе сөзінде.

ҚР Денсаулық сақтау министрі шектеулі мерзім аралығында МИМС жүйесін енгізу жөніндегі ақпараттандыру-насихаттау жұмыстарын күшейту қажет екендігін айта келіп, 5 сәуір мен 31 маусым аралығында елімізде жаппай емханаға тіркелу науқаны жүзеге асырылатынын атап айтты.

Ведомоство басшысы өз сөзінде ағымдағы тіркеу науқаныныӊ маӊызды міндеттерініӊ бірі - келесі жылдыӊ басынан бастап міндетті сақтандыру жүйесіне кіретін азаматтардыӊ санатын анықтау екендігін тілге тиек етті. Бұл әсіресе табыс таппайтын, әлеуметтік аударымдары жоқ өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар тобыныӊ қызығушылығын тудырмақ. Денсаулық сақтау жүйесіне емхана арқылы қол жеткізіп, медициналық сақтандырудыӊ шеӊберінде сақтандырылатын азаматтар үшін медициналық қызметтер пакетін пайдалану мүмкіндіктері бар.

Министр МИМС жүйесініӊ артықшылықтары туралы айта келіп, азаматтыӊ, мемлекеттіӊ және жұмыс берушініӊ денсаулық сақтау үшін жауапты болуы - медицина саласыныӊ әлемдік деӊгейде дамуыныӊ бір көрінісі екендігін сөз етті. 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап, Қазақстанда тұратын сақтандырылған азаматтарға, мемлекет жарна төлейтін 15 санаттағы азаматтарға МИМС жүйесі бойынша медициналық қызмет көрсетіле бастайтынын еске салып, Е. Біртанов 2017 жылдыі 1 шілдесінен бастап Илеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер алғашқы төлемдер мен жарна аудара бастайтынын ескертті.

ҚР азаматтарын медициналық сақтандыру жүйесімен қамтамасыз ету жөнінде Конституцияда көрсетілгентегін медициналық көмектіӊкепілдік берілгенкөлемі қол жетімді болады және мынадай қызметтерді қамтиды:

- Профилактикалық вакциналау,

- Жедел медициналық көмек пен санитарлық авиация:

- Илеуметтік маӊызы бар ауруларды емдеу барысындағы медициналық көмек (қатерлі ісік аурулары, туберкулез, қант диабеті және т.б.) және төтенше жағдайларда, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп тудыратын ауруды емдеу үшін көрсетілетін медициналық көмек.

МИМС жүйесіне қатысушы тұлғалар төменде келтірілген медициналық қызмет түрлерін ала алады:

- Азаматтардыӊ жекелеген санаттары үшін адәрілік қамсыздандыруы бар мбулаториялық-клиникалық көмек;

- стационарлық және стационарлық көмекті алмастыратын көмек;

- қалпына келтіру емі және медициналық оӊалту;

- паллиативтік көмек және мейірбике күтім.

Сондай-ақ, ҚР азаматтары қосымша медицина қызметтері немесе ақылы медицина қызмет түрлерін (ақылы палата, қымбат дәрілерді бірлесе отырып сатып алу, науқастыӊ қалауы бойынша тексерілу және т.б.), ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) немесе тегін медицина қызмет түрлерін қабылдауға құқылы.

"ҚР Заӊына сәйкес, медициналық сақтандыру жүйесі ҚР тұрғылықты азаматтары мен Қазақстанда тұратын, жұмыс істейтін шетел азаматтарына да міндетті болып табылатынына назарларыӊызды аударғым келеді. Бұл - Қазақстанда тұратын әр адамға, шетелде тұратын әр қазақстандыққа мемлекеттен немесе жұмыс берушіден, азаматтыӊ өз қаржысынан ИМС қорына жарна немесе төлем аударылуы тиіс дегенді білдіреді", - деді ведомоство басшысы.

Ирі қарай Е. Біртанов №2 қалалық емхананыӊ жобасы бойынша денсаулық сақтау басқармасы мен "Қызылорда шипажайы" ЖШС арасындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде өзара келісімшартқа қол қою шарасына қатысты.Облыста мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында денсаулық сақтау бойынша 6 жоба мақұлданды, оныӊ ішінде №2,4 емханалар және 4 дәрігерлік амбулаториялар жұмыс атқаруда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны