11.01.2019, 14:22 6607

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: дәрілер бағасын реттеу халықтыӊ барлық топтары үшін оныӊ қолжетімділігін арттырады

Сондай-ақ, оныӊ айтуынша барлық мүдделі тұлғалар үшін бағалар туралы ақпараттыӊ қолжетімдігін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардыӊ тіркелген және шекті бағаларыныӊ тіркелімі құрылатын болады.

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардыӊ айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊға қол қойды. Дәрілік заттардыӊ бағасын реттеу рәсімі ресми жарияланған күнінен бастап 3 айдан кейін күшіне енеді.

Дәрі-дәрмектердіӊ бағасын оларды көтерме және бөлшектеп сату кезінде реттеуге мүмкіндік беретін механизмдердіӊ қалай енгізілетіні туралы ОКҚ-ғы брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетініӊ төрайымы Людмила Бюрабекова, ҚР ДСМ Фармация комитеті төрағасыныӊ орынбасары Нұрлыбек Асылбеков және "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасыныӊ міндетін атқарушы Берік Шәріп әӊгімелеп берді.

Өз сөзінде Людмила Бюрабекова заӊнама қабылданған түзетулер дәрілердіӊ халықтыӊ барлық топтары үшін экономикалық қолжетімдігін арттыру және дәрілік қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік алымдарды төмендету мақсатында әзірленгенін атап өтті. "Дәрі-дәрмектердіӊ бағасын оларды көтерме және бөлшектеп сату кезінде реттеуге мүмкіндік беретін механизмдер енгізілетін болады. Дәрілік заттардыӊ бағаларын қалыптастырудағы жоспарланып отырған өзгерістер бағаларды реттеудіӊ 4 деӊгейін көздейді - өндірушініӊ, көтерме сауданыӊ, бөлшектеп сату, сондай-ақ ТМККК шеӊберінде және МИМС жүйесінде сатып алу деӊгейінде", - деп атап өтті Фармация комитетініӊ төрағасы.

Людмила Бюрабекова үстеме бағалардыӊ регрессивтік шкаласы арқылы дәрілік заттарды көтерме және бөлшектеп сатуды одан әрі реттей отырып, өндірушініӊ бағаларын тіркеудіӊ референттік елдердіӊ тұтынушылық орамасыныӊ бағалары негізінде жүргізілетінін түсіндірді. "Жаӊа баға белгілеу қағидалары шеӊберінде өтеу бағаларын референттеу және фармакоэкономикалық деректерді бағалау арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардыӊ бағаларыныӊ негізділігіне экономикалық сараптаманы күшейту көзделеді", - деп атап өтті Министрліктіӊ өкілі.

Сондай-ақ, оныӊ айтуынша барлық мүдделі тұлғалар үшін бағалар туралы ақпараттыӊ қолжетімдігін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардыӊ тіркелген және шекті бағаларыныӊ тіркелімі құрылатын болады.

Қазіргі кезде Денсаулық сақтау министрлігі тиісті қағидалар әзірлеуде, ал бағаларды тіркеуге арналған өтінімдерді берудіӊ барлық процесі Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығыныӊ сайтында электрондық форматта жүргізілетін болады, онда қазіргі кезде ақпараттық жүйе әзірленді және тесттік режимде іске қосылды.

Осы механизмдерді әзірлеу кезінде ЭЫДҰ мен ЕАЭО елдеріндегі дәрілердіӊ бағаларын реттеу бойынша реттеудегі халықаралық тәжірибесі ескерілді. Бағаны реттеу механизмдері енгізілгеннен кейін шекті көтерме және бөлшек баға туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігініӊ интернет-ресурсында және Тіркелген дәрілік заттар мен Медициналық бұйымдардыӊ мемлекеттік тіркелімінде табуға болады, ал халықтыӊ бағалардыӊ өскені туралы фактілерімен кері байланысын енгізу арнайы әзірленетін азаматтарға арналған мобильді қосымша арқылы енгізу жоспарлануда.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардыӊ сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заӊда өндірушілер мен дистрибьюторлар үшін 2021 жылғы қаӊтардан батап, ал бөлшек желі үшін 2023 жылғы қаӊтардан бастап тиісті фармацевтикалық практикалардыӊ халықаралық стандарттарын енгізу көзделген. Бұдан басқа, сапалы, қауіпсіз және тиімді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды оӊтайлы пайдалануды қамтамасыз ету үшін, фармацевтикалық компаниялардыӊ мүдделерін көздеуді болдырмау және дәрілік заттар туралы шынайы ақпаратты ұсыну мақсатында заӊ шеӊберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды оӊтайлы пайдалану және этикалық ілгерілету бойынша нормалар әзірленді.

Дәрілерді сатып алу процесініӊ ашықтығын қамтамасыз ету, сатып алу рәсімдерін жеӊілдету және әкімшілік кедергілерді төмендету, әлеуетті өнім берушілермен жеке байланысты болдырмау үшін ҚР Қаржы министрлігініӊ сатып алу порталын пайдалана отырып, дәрілерді электрондық сатып алуға көшу көзделген.

"СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасыныӊ міндетін атқарушы Берік Шәріп өз сөзінде тегін дәрімен қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдарға дәрілік заттарды жеткізуді бастауға дайын екендігі туралы баяндады.

"Қазіргі кезде бірыӊғай дистрибьютор 2019 жылға арналған дәрілік қамтамасыз етуді қаржыландырудыӊ жалпы сомасыныӊ 90% сатып алды. Сатып алынған препараттарды бірыӊғай дистрибьютордыӊ қоймаларына жеткізу желтоқсан айынан бастап жүргізілуде, қазір дәрі-дәрмектіӊ басым бөлігі бүкіл Қазақстан бойынша транзиттік қоймаларға тасылды. Заӊ бойынша медициналық ұйымдардан түбегейлі өтінімдерді жинауға 10 жұмыс күні кетеді. Алайда біз түбегейлі өтінімдерді жинауды бүгінніӊ өзінде аяқтаудамыз және келесі аптадан бастап препараттар емханаларға түсе бастайды", - деп мәлімдеді Берік Шәріп.

Бұдан басқа, "СК-Фармация" ЖШС басшысыныӊ айтуы бойынша қазір дәрілік заттардыӊ ауыспалы төмендемейтін қорынан 13 млрд теӊге сомасындағы препараттар медициналық және дәріханалық ұйымдарға қолжетімді.

2019 жылға арналған тегін дәрілік қамтамасыз ету үшін сатып алынған дәрі-дәрмектердіӊ тізімі 1144 позицияны қамтиды. Барлығы медициналық ұйымдар 203,5 млрд теӊге сомасында алдын ала өтінім берді. Дәрі-дәрмектердіӊ 421 атауы 45 ауру бойынша диспансерлік есепте тұрған пациенттерді амбулаториялық емдеу үшін анықталды. Олар үшін 105,1 млрд. теӊге сомасында,ал 953 атауы 98,4 млрд. теӊге сомасында дәрі-дәрмектер стационарлық көмек көрсету үшін сатып алынуда.

Сондай-ақ Берік Шәріп тегін дәрілер алатын пациенттер үшін жүзеге асырылып жатқан кері байланыс құралы туралы еске салып өтті. Компанияда халықты тегін дәрілермен қамтамасыз ету мәселелері бойынша 1439 байланыс орталығы, диспансерлік пациенттер үшін тегін берілетін дәрі-дәрмектерді жеткізу мерзімі, көлемі және жоспарланған күні туралы ақпаратты ұсынатын операторлар жұмыс істейді. "Бұдан басқа, дәрілердіӊ нақты босатылуына мониторинг жүргізу үшін "Дәрілік қамтамасыз ету" ақпараттық жүйесіне (ДҚАЖ) сәйкес тегін препараттар алған пациенттерге SMS-хабарламалар тарату жалғасуда", - деп атап өтті бірыӊғай дистрибьютордыӊ басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны