22.08.2018, 19:45 4003

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: Дәрілік заттарды алғаш электрондық сатып алу іске қосылды

Тестілік сатып алу тендерлік комиссия мүшелері мен әлеуетті өнім берушілерге жүйені ұғынып алуға және олқылықтарды анықтауға мүмкіндік берген. Барлық ескертулер Электрондық коммерция орталығына - порталдыӊ әзірлеушілеріне жолданған.

Астана. 22 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда тегін дәрілік қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер беретін фармдистрибьюторлар мен өндірушілер электрондық сатып алу жүйесін тестілеуді аяқтады. Енді "СҚ-Фармацияда" ағымдағы жылға дәрі-дәрмектіӊ 35 атауына электрондық сатып алу жарияланды.

"СҚ-Фармация" ЖШС Басқарма төрағасыныӊ міндетін атқарушы Берік Шәріптіӊ айтуынша, тестілік сатып алу екі мәрте өткізілген. Тестілік сатып алуға 35 қатысушы қатысса, оныӊ 22-сі барлық рәсімдерді тіпті аукционға дейін өткен.

Тестілік сатып алу тендерлік комиссия мүшелері мен әлеуетті өнім берушілерге жүйені ұғынып алуға және олқылықтарды анықтауға мүмкіндік берген. Барлық ескертулер Электрондық коммерция орталығына - порталдыӊ әзірлеушілеріне жолданған.

"Бүгін біз дәрілік заттарды алғаш электрондық сатып алуды жарияладық. Рәсімдерге қатысушылар тендер рәсімдеріне қатысу үшін құжат жинап жатқанда, әзірлеушілер барлық анықталған олқылықтарды жоятын болады және ағымдағы жылғы сатып алу шеӊберінде біз барлық тетіктерді тағы бір пысықтайтын боламыз. Осылайша, 2019 жылға арналған үлкен сатып алуға қарай жүйе толықтай жолға қойылатын болады",-деп атап өтті Берік Шәріп.

Қазір алғашқы электрондық сатып алу шеӊберінде тендерге 35 атау жарияланған, оныӊ ішінде - психотроптық, туберкулезге қарсы, бактерияға қарсы препараттар, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдар бар. Бұрын бұл позициялар әлеуетті өнім берушілерден ұсыныстар болмаған, ҚР-дағы тіркеу мерзімініӊ өтіп кетуі себептерінен немесе кей препараттар өндірістен алынып тасталғандықтан 2018 жылға сатып алынбаған болатын. Жаӊа жүйе бойынша сатып алынған дәрі-дәрмектер қазан айынан бастап медициналық ұйымдарға жеткізіле бастайды.

Айта кету керек, сатып алудыӊ электрондық форматына көшуді бірыӊғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласын цифрландыру шеӊберінде іске асырылып отыр. Илеуметтік маӊызын ескере отырып, жобаны Электрондық коммерция орталығы өтеусіз негізде іске асыруда. Дәрі-дәрмектерді электрондық сатып алуға арналған платформа http://www.sk-pharmacy.ecc.kz/ веб-порталында орналасқан.

Электрондық сатып алу әкімшілік кедергілерді азайтуға, сатып алу рәсімдерініӊ ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Іс жүзінде әлеуетті өнім берушілерге қағаз тасымалдағышта тек банк кепілдігін ғана беру қажет болады. Барлық қалған құжаттарды өнім берушілер веб-порталға электрондық түрде жүктей алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны