08.10.2018, 13:01 4557

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердіӊ тарифтерін бекітті

Жыл сайын Қазақстанда тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемі шеӊберінде халыққа тегін көрсетілетін медициналық қызметтердіӊ тарифтері бекітіледі.

Астана. 8 қазан. Kazakhstan Today - Жыл сайын Қазақстанда тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемі шеӊберінде халыққа тегін көрсетілетін медициналық қызметтердіӊ тарифтері бекітіледі.

Ағымдағы жылғы қыркүйек айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемі шеӊберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтердіӊ тарифтерін бекіту туралы" бұйрыққа (бұйрыққа сілтеме - http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017353) қол қойды.

Бұйрықта медициналық көмек (дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік) және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге тарифтер көрсетілген.

Бекітілген тарифтер - бұл мемлекеттіӊ медициналық ұйымдарға бір емделіп шығу жағдайы үшін емдеуге бюджеттен өтейтін медициналық қызметтердіӊ құны. Медициналық қызметтіӊ құны пациенттерге көрсетілген медициналық көмектіӊ күрделілік деӊгейіне қарай құбылады. Осы бұйрықпен күрделі жағдайларды емдеу кезінде медициналық ұйымдар көтеретін шығыстарды ескере отырып, акушерлік-гинекологиялық және неонатологиялық бейіндер бойынша қызметтерге төлем енгізілген.

Бұйрық ТМККК шеӊберінде және одан әрі МИМС енгізу кезінде стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық қызметтерді көрсететін медициналық ұйымдарды, яғни Илеуметтік медициналық сақтандыру қорымен медициналық қызметтер көрсету туралы шарттары бар медициналық, оныӊ ішінде жеке ұйымдарды қамтиды.

Осы тарифтердіӊ - мемлекеттіӊ тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемі шегінде азаматтарға тегін көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған шығыстары екенін атап өту қажет.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны