30.06.2018, 00:29 5109

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: Соӊғы 5 жылдамемлекеттік бюджет есебінен дәрілік заттармен қамтамасыз етілген пациенттердіӊ саны 15%-ға өсті

Елжан Біртановтыӊ айтуынша, Мемлекет басшысы денсаулық сақтау жүйесініӊ алдына дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру, жекеменшік секторды реттеу және қолдау, МЖИ дамыту, корпоративтік басқару мен саланы цифрландыру, сондай-ақ МИМС енгізу міндетін қойды.

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: Соӊғы 5 жылдамемлекеттік бюджет есебінен дәрілік заттармен қамтамасыз етілген пациенттердіӊ саны 15%-ға өсті.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халық алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Ол сондай-ақ медициналық көмектіӊ сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерге және денсаулық сақтау жүйесініӊ басым міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған Денсаулық сақтау министрлігі қызметініӊ мәселелеріне толық тоқталды.

Елжан Біртановтыӊ айтуынша, Мемлекет басшысы денсаулық сақтау жүйесініӊ алдына дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру, жекеменшік секторды реттеу және қолдау, МЖИ дамыту, корпоративтік басқару мен саланы цифрландыру, сондай-ақ МИМС енгізу міндетін қойды.

"Соӊғы онжылдықта елдіӊ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуін талдау сатып алынатын дәрілік заттар атауы саныныӊ 2,5 есеге өскенін, мемлекеттік қаржыландыру сомасы 6,4 есеге артқанын көрсетеді. Соӊғы 5 жылда мемлекеттік бюджет есебінен дәрілік заттармен қамтамасыз етілген пациенттердіӊ саны 15% -ға өсті", - деді Министр.

Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) жаӊғырту шеӊберінде өткен жылы жалпы практика дәрігерлерініӊ (ЖПД) учаскелерін ұлғайту бойынша отбасылық медицина 12%-ғакүшейтілді, сондай-ақЖПДдайындау бағдарламасы қайта қаралды. "БМСК айналасында денсаулық сақтау қызметтерінинтеграциялау бойынша амбулаторлық-емханалық мекемелер құрамында 236 туберкулезге қарсы, 1664 тексеру (әйелдер мен ерлер), 392 онкологиялық, 287 маммологиялық кабинет және 42 психиатриялық денсаулық кабинеті жұмыс істейді", - деп атап өтті Елжан Біртанов.

Ол сондай-ақ, шұғыл медициналық көмек көрсетуді халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында бірыӊғай диспетчерлік жедел жәрдем қызметі енгізілді, шұғыл емесшақыруларды емханаларға беру жүзеге асырылды, қызметкерлерді реанимациялық көмектіӊ әлемдік стандарттарына кезеӊ-кезеӊмен оқыту жүргізілуде, жедел жәрдем машиналарыныӊ дыбыстық дабылы және түстерініӊ безендірілу стандарттары және т.б. қайта қарастырылды деп атап өтті. "Осылайша, жедел жәрдемніӊ жету мерзімі 25-тен 18 минутқа дейін қысқарды, ауруханаға дейінгі өлім-жітім азайды және реанимацияныӊ табыстылық көрсеткіші артты.

"Министрлік триаж жүйесін енгізу арқылы және кез -келген бейіндегі пациенттерді көп бейінді стационарға қабылдау дайындығымен стационарларды? қабылдау бөлімшелері қызметіні? жа?а форматын регламенттеді. Қабылдау бөлімшелеріні? жағдайында шұғыл медициналық көмекті уақтылы көрсету үшін жа?а дәрігерлік мамандық - қабылдау бөлімшесіні? дәрігері ("emergency doctor") енгізілетін болады. Осыған байланысты мамандарды оқыту және тренерлерді даярлау жүргізілуде. Жаӊа форматтыӊ нәтижесі стационарларда пациенттердіӊ күнделікті өлімініӊ төмендеуі болып табылады", - деп қосты министр.

"Денсаулық сақтау саласында кәсіпкерлік қызметті реттеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша, ТМКК және МИМС шеӊберінде медициналық қызметтерді сатып алу тәртібі қайта қаралды, 6 санитарлық ереженіӊ талаптары оӊтайландырылды, 29 ескірген санитарлық ереже жойылды, бизнес нысандарын тексеру саны 2 есеге дейін қысқарды", - деп атап өтті Елжан Біртанов.

Саланы цифрландыру бойынша еліміздіӊ медициналық ұйымдарын ақпараттық-технологиялық жарақтандыру жүргізіліп жатыр. Қарағанды, Ақмола және Қостанай, Батыс Қазақстан, Оӊтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар және Маӊғыстау облыстарында медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізу басталды. Биылғы жылдыӊ соӊына дейін медицина құжаттамаларынцифрлық форматта жүргізуге саланы толық көшіру қамтамасыз етіледі.

Министр өз сөзін қорытындылай келе, "Денсаулық" Мембағдарламасын және Елбасыныӊ Қазақстан халқына "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" атты Жолдауында берілген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша министрліктіӊ алдағы жоспарлары туралы айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны