15.01.2018, 15:45 5202

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Президентініӊ Жолдауын іске асыру мәселелері талқыланды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Президентініӊ Жолдауын іске асыру мәселелері талқыланды

Астана. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылға арналған денсаулық сақтау саласындағы басымдықтары жөніндегі алқасыныӊ отырысы болды, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Қоғамдық кеӊестіӊ мүшелері, өӊірлердіӊ денсаулық сақтау басқармаларыныӊ, аумақтық департаменттерініӊ басшылары және басқалар қатысты.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева баяндамасында халықаралық тәжірибеніӊ негізінде республикада аурулардыӊ профилактикасы және денсаулықты нығайту бойынша қолжетімді және тиімді тетіктерді құру мақсатына Министрлік Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құрғанын атап өтті. Қызметтіӊ жұмысыөмірдіӊ барлық кезеӊіне: сәбилерді вакцинациялау мен мектеп медицинасынан, саламатты мінез-құлықтан, экологиялық қауіпсіздіктен және жастар мен ересектердіӊ арасындағы еӊбек гигиенасынан бастапдұрыс тамақтану мен егде жастағы адамдардыӊ созылмалы дегенерациялық ауруларыныӊ алдын алуға дейін бағытталған.

Мемлекет басшысыныӊ Жолдауы бойынша дұрыс тамақтануды, спортпен шұғылдануды, ұрпақты болу денсаулығын, СӨС насихаттауды, дене белсенділігін қоса алғанда қоғамдық денсаулықты басқаруды, саламатты өмір салтын дәріптеуді күшейту қажет.

Жастардыӊ ұрпақты болу денсаулығын сақтау мен нығайтуға ерекше назар аударған жөн. "Мұндай жағдайда әрбір нысаналы топ үшін жеке тәсілді айқындау, сондай-ақ дене шынықтырумен шұғылдану үшін инфрақұрылым құру, қауіпсіз өмір мен еӊбек үшін жағдай жасау және жастардыӊ ұрпақты болу денсаулығын нығайту қажет", - деді Лязат Ақтаева.

Одан басқа, Мемлекет басшысыныӊ маӊызды басымдықтарыныӊ бірі мемлекет үшін аз тиімді және шығынды диспасерлеуден қашықтықтағы диагностиканы, сондай-ақ амбулаториялық емдеуді қолдана отырып, негізгі созылмалы ауруларды басқаруға өтуді айқындады. Мұнда алғашқы медициналық көмек маӊызды рөлге ие болуы тиіс. "Бастапқы буынныӊ медицина қызметкерлерініӊ міндеті - ауруларды ерте анықтауды қамтамасыз етіп қана қоймай пациенттермен бірлесіп халықтыӊ денсаулығын да тиімді басқару. Соған байланысты біз "диспансерлеу" деген терминнен амбулаториялық деӊгейде созылмалы ауруларды басқару бағдарламасына кету бойынша жұмысты еӊсеруіміз керек",- деді Лязат Ақтаева.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті үздік халықаралық тәжірибеніӊ негізінде обырды жоғары тиімді ерте диагностикалау мен емдеу қамтамасыз етілуі тиіс екенін атап көрсетті. "Соған байланысты, біз ерте диагностикалау мен емдеуді, әсіресе амбулаториялық деӊгейде қамтамасыз етуге және қатерлі ісіктердіӊ профилактикасынан бастап емдеуді жетілдіруге дейінгі іс-шараларды қамтуды көздейтін онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеуге мүмкіндік беретін онкологияға жаӊа жоғары тиімді технологияларды әкелуге тиіспіз",- деді вице-министр.

Лязат Ақтаеваныӊ айтуынша, ТМККК-ныӊ жаӊа үлгісі әзірленетін және МИМС пакеті жетілдірілетін болады, ТМККК шеӊберінде медициналық көрсетілетін қызметтердіӊ пакеттерін жаӊарту және мемлекеттіӊ міндеттемелерініӊ нақты шегін айқындауды, сондай-ақ ТМККК-ныӊ медициналық көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерді қайта қарау және оларды нақты шығындарға келтіруді көздейді.

"Қазіргі таӊда әлемде, оныӊ ішінде денсаулық сақтауда инновациялық технологиялар тез дамуда. Заманауи технологиялар халыққа медициналық қызмет көрсету үлгілерін өзгертеді. Барлық өзгерістерге біз дер кезінде назар аударуға тиіспіз және азаматтардыӊ қолжетімді және сапалы медициналық көмекке құқықтарын қамтамасыз етуге тиіспіз. Мұныӊ барлығы бірінші кезекте заӊнамалық актілерде көрсетілуі тиіс. Соған байланысты, денсаулық сақтау жүйесініӊ тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды іске асыру үшін Мемлекет басшысы өзініӊ Жолдауында Үкіметке "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстіӊ жаӊа редакциясын әзірлеуді тапсырды",-деп хабарлады Лязат Ақтаева.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны