21.02.2017, 23:10 4285

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2017 жылғы №78 қаулысымен Цой Алексей Владимирович ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.

Астана. 21 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2017 жылғы №78 қаулысымен Цой Алексей Владимирович ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.

Ол 1996-1997 жж. SELS college London (Ұлыбритания) оқу орнында оқып, 2001 жылы Оӊтүстік Қазақстан Мемлекеттік медициналық академиясын, 2007 жылы - "Дәнекер" халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтын, 2015 жылы Ресей Федерациясы Президентініӊ жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдады.

2002-2004 жж. ол Республикалық клиникалық ауруханасыныӊ, Астана қаласы Ұлттық ғылыми медициналық орталығыныӊ(ҰҒМО) эндоскопист-дәрігері қызметін атқарды. 2004-2007 жж. ҰҒМО аға ғылыми қызметкері, эндоскопист-дәрігері, докторанты болды.

2007-2008 жж. Астана қаласындағы ҚР Президентініӊ Іс басқармасыныӊ Медициналық орталығы Заманауи технологияларды енгізу орталығыныӊ директоры қызметін атқарып, 2008-2010 жж. аталған орталықтыӊ директоры болды.

2010-2011 жж. Астана қаласындағы ҚР Президентініӊ Іс басқармасыныӊ Медициналық орталығы басшысы қызметін атқарды.

2011 жылы Астана қаласы №1 Қалалық ауруханасыныӊ бас дәрігері қызметіне тағайындалды. Алексей Цой аталған қызметті 2014 жылға дейін атқарды.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне дейін ол ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды.

Алексей Цой Медициналық ғылым кандидаты, іскерлік әкімшілік докторы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны