31.03.2015, 18:26 6903

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және Астана әкімдігі халықтыӊ денсаулығын жақсартуға және қала тұрғындарын жұмыспен қамтуға бағытталған меморандумға қол қойды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дуйсенова және Астана қаласыныӊ әкімі Иділбек Жақсыбеков Астана тұрғындарыныӊ денсаулығын жақсартуға, жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қолдауға бағытталған 2 меморандумға қол қойды

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дуйсенова және Астана қаласыныӊ әкімі Иділбек Жақсыбеков Астана тұрғындарыныӊ денсаулығын жақсартуға, жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қолдауға бағытталған 2 меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астана тұрғындарыныӊ денсаулығын жақсарту жөніндегі меморандум "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламада және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында көзделген денсаулық сақтау жүйесініӊ мақсаттық көрсеткіштеріне жету, медициналық көмектіӊ сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында қабылданды.

Бірінші кезектегі шаралар:

- медициналық ұйымдардағы кезекті азайтуға;
- амбулаториялық деӊгейде дәрілік заттармен уақытылы қамтамасыз ету және атаулы болуын күшейтуге;
- жедел медициналық көмек көрсетудегі кешіктірулерді төмендетуге;
- азаматтарды қайта госпитализациялауды төмендетуге бағытталған.

Нәтижелі жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсетудіӊ атаулы болуын күшейту және қала тұрғындарын әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ету жөніндегі меморандум халықтыӊ нысаналы топтарын нәтижелі жұмыспен қамту, жұмыссыздық деӊгейініӊ өсуін болдырмау, әлеуметтік көмек көрсетудіӊ атаулы болуын күшейту, мүмкіндігі шектеулі адамдардыӊ өмір сүру сапасын жақсартуға көмек көрсету арқылы Астана қаласы тұрғындарыныӊ жағдайын жақсарту мақсатында қабылданды.

Меморандумдардыӊ қолданасыныӊ мерзімі - 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны