27.09.2016, 12:15 3569

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Қазақстандағы Рим-католик шіркеуініӊ архиепископы Томаш Пэтамен кездесті

Шара аясында тараптар мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастыӊ мәселелерін, Қазақстандағы діни қызмет субъектілерініӊ арасындағы ішкі диалогты кеӊейту мәселелерін талқылады.

Астана. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстандағы Рим-католик шіркеуініӊ архиепископы Томаш Пэтамен кездесті.

Шара барысында тараптар мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылдыӊ өзекті мәселелерін талқылады, сонымен қатар "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Республикалық діни бірлестіктер туралы ҚР Заӊныӊ орындалуын талқылады.

Кездесу барысында Н.Ермекбаев әлеуметтік тұрақтылықты сақтап қалу, одан әрі конфессияаралық келісімді нығайту және елдегі заӊнамалықты сақтау бойынша бірлескен күш-жігерлердіӊ маӊыздылығын атап өтті.

Оныӊ айтуынша, министрліктіӊ алдына қойылған бірінші тапсырма - ол мемлекет пен діни конфессиялардыӊ арасындағы үйлесімді, тиімді ынтымақтастықты дамыту.

"Біз Қазақстанныӊ рим-католиктік қауымы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ мемлекеттік саясатын әрдайым қолдайтындығын білеміз. Рим-католикіык қауымдастықтыӊ мүшелері әрқашан заӊға бағынады", - деді Н.Ермекбаев.

Өз кезегінде Томаш Пэта дінбасылар Қазақстанныӊ рухани-адамгершілік құндылықтарын сақтауға және нығайтуға шаралар қабылдауын тұрақты жалғастыратындығын айтып өтті.

Шара аясында тараптар мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастыӊ мәселелерін, Қазақстандағы діни қызмет субъектілерініӊ арасындағы ішкі диалогты кеӊейту мәселелерін талқылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны