15.02.2017, 20:58 4196

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 15 ақпанда Министрліктер үйі ғимаратында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Іс-шараныӊ басында сөз алған Министрлік басшысы Нұрлан Ермекбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел мұсылмандарыныӊ басын қосып отырған және қоғам ауызбіршілігі мен тұрақтылығын нығайту ісінде үлкен жұмыстарды іске асырып отырған діни бірлестік екенін айта келе "...біз дін саласындағы мемлекеттік саясаттыӊ тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларда Діни басқармамен жан-жақты өзара іс-қимыл жасайтын боламыз. Келісімге қол қоюымыздыӊ басты себебі де осы",- деп атап өтті.

Министр Мемлекет басшысыныӊ халыққа арнаған биылғы Жолдауында айтылған қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету желісінде діни экстремизмді насихаттаудыӊ алдын алуда және өскелеӊ ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу ісінде діни бірлестіктермен бірлесіп жұмыстар жүргізу туралы тапсырмасын орындаубарысында Муфтиятпен көптегеніс-шараларды бірлесіп атқаруды көздеп отырғанын жеткізді.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Маямеров: "Ынтымақтастық туралы келісім Мүфтият және мемлекет арасында ынтамақтастықты нығайтуға жол ашады. Бұл екі тарапқа тұрғындарарасында дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттауға және діни экстремизм мен терроризмніӊ алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізуге мүмкіндік береді. Сайып келгенде, дін саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп іске асырылатын жұмыстар жастарымыздыӊ бойында зайырлы мемлекеттіӊ қағидаттарына сәйкес келетін рухани құндылықтарды қалыптастыруға негіз болады",- деп атап көрсетті.

Іс-шара тараптардыӊ келісімге қол қоюымен аяқталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны