22.07.2016, 12:51 4692

ҚР ДСИДМ-де әлеуметтік-еӊбек саласыныӊ 2016 жылдыӊ бірінші жартыжылдығындағы қызметі қорытындыланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованыӊ басшылығымен ҚР ДСИДМ-ніӊ ағымдағы жылдыӊ 6 айындағы әлеуметтік-еӊбек саласындағы қызметініӊ қорытындысы бойынша алқа мәжілісі өтті

Астана. 22 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованыӊ басшылығымен ҚР ДСИДМ-ніӊ ағымдағы жылдыӊ 6 айындағы әлеуметтік-еӊбек саласындағы қызметініӊ қорытындысы бойынша алқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шараға ҚР ДСИДМ жауапты хатшысы, вице-министрлер, комитет төрағалары, министрліктіӊ құрылымдық бөлімшелерініӊ және ведомствоға бағынысты ұйымдардыӊ басшылары, бейнебайланыс режимінде - облыс, Астана, Алматы қалалары әкімдерініӊ орынбасарлары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, еӊбек инспекциясы басқармаларыныӊ, ҚР ДСИДМ Еӊбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменттерініӊ басшылары қатысты.

Отырыс барысында Тамара Дүйсенова ағымдағы экономикалық жағдайда азаматтарды әлеуметтік қорғау, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, қызметкерлерді жаппай жұмыстан босатуға жол бермеу мәселелеріне ерекше көӊіл бөлініп отырғанын атап айтты.

Жиында аз қамтылған азаматтарға шартты ақшалай көмек көрсетуді енгізудіӊ "Өрлеу" пилоттық жобасын жүзеге асырудыӊ нәтижелері қарастырылды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова аталған жобаныӊ еліміздіӊ 132 ауданы мен қалаларында жүзеге асырылып келе жатқанын мәлімдеді. 2016 жылғы 1 шілдедегі жағдайға сәйкес жұмыспен қамту шараларымен жобаныӊ жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған жұмысқа жарамды азаматтарыныӊ 99,4%-ы қамтылды.

"Пилоттық жобамен Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маӊғыстау, Атырау облыстары, сонымен қатар, Астана және Алматы қалалары толығымен қамтылды. Жобаны жүзеге асыру оныӊ қатысушыларыныӊ жан басына шаққандағы орташа табысын 2,6 есеге арттыруға көмектесті. 2016 жылы республикалық бюджеттен аталған пилоттық жобаны жүзеге асыруға 1,4 млрд. теӊге бөлінді", - деп хабарлады Светлана Жақыпова.

Еӊбек нарығындағы жағдай мен "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" (әрі қарай - "ЖҚЖК 2020") бағдарламасын жүзеге асыру шаралары туралы Вице-министр Біржан Нұрымбетов баяндады.

Ол 2016 жылдыӊ бірінші жартыжылдығында "ЖҚЖК 2020" бағдарламасына 78,4 мыӊ адам, оныӊ ішінде жұмыссыз азаматтар - 53,1 мыӊ (67%), өзін өзі жұмыспен қамтығандар - 25,3 мыӊ адам (32%) қатысқанын атап айтты.

"ЖҚЖК 2020" бағдарламасына қатысушылар арасында аз қамтылғандар үлесі 3 мыӊ 340 адамды, мүгедектер - 2 мыӊ 594 адамды құрайды. 29 жасқа дейінгі жастар үлесі 46,2% (36 мыӊ 206 адам), әйелдер - 45,8% (35 мыӊ 968 адам) болып отыр.

2016 жылы "ЖҚЖК 2020" бағдарламасын жүзеге асыруға 100,8 млрд. теӊге бөлінді.

Біржан Нұрымбетов Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен "ЖҚЖК 2020" бағдарламасы жаӊғыртылғанын еске салды.

"Қысқартылған жұмыс уақытына төленетін жалақыны (Германия тәжірибесі) уақытша субсидиялау, қызметкерлерді оқыту үшін жұмыс берушілерге гранттарды беру, жұмыс істейтін жастарды кәсіби оқыту арқылы жұмыс орындарын сақтау тетіктері жасалды. Сонымен бірге, микрокредиттеу тиімділігін арттыру, қызмет көрсету саласындағы жұмыспен қамтуды ұлғайту арқылы жұмыс орындарын құру бойынша шаралар қарастырылған", - деп хабарлады ол.

Сонымен бірге, жиында арнайы әлеуметтік қызметтер жүйесін дамыту; мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым нысандарын паспорттау мен бейімдеу; мүгедектерді оӊалтудыӊ техникалық қосалқы (компенсаторлы) құралдарымен уақытылы қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны