21.07.2016, 18:15 3856

ҚР ДСИДМ-де денсаулық сақтау саласыныӊ 2016 жылғы бірінші жартыжылдығындағы қызметі қорытындыланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованыӊ басшылығымен ҚР ДСИДМ-ніӊ ағымдағы жылдыӊ 6 айындағы денсаулық сақтау саласындағы қызметініӊ қорытындысы бойынша алқа мәжілісі өтті

Астана. 21 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованыӊ басшылығымен ҚР ДСИДМ-ніӊ ағымдағы жылдыӊ 6 айындағы денсаулық сақтау саласындағы қызметініӊ қорытындысы бойынша алқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шараға ҚР ДСИДМ жауапты хатшысы, вице-министрлер, комитет төрағалары, министрліктіӊ құрылымдық бөлімшелерініӊ және ведомствоға бағынысты ұйымдардыӊ басшылары, бейнебайланыс режимінде - облыс, Астана, Алматы қалалары әкімдерініӊ орынбасарлары, денсаулық сақтау басқармаларыныӊ басшылары, ҚР ДСИДМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті мен Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаменттерініӊ директорлары, медициналық ЖОО ректорлары қатысты.

Отырыс барысында негізгі әлеуметтік мәні бар, жұқпалы емес аурулар мен елдіӊ демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар 5 ауру: миокардтыӊ жіті инфаркті, мидағы қан айналымыныӊ ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру бойынша медициналық көмек көрсетудіӊ біріктірілген үлгісін енгізу бойынша үйлестіру кеӊесініӊ жұмысы қорытындыланды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой "Кезексіз емханалар" имидждік жобасын жүзеге асыру туралы мәлімдеді.

"Медициналық-санитарлық алғашқы көмек (әрі қарай - МСАК) көрсетудіӊ 294 ұйымында кезектерді төмендету бойынша шаралардыӊ мониторингі жүргізіліп, нәтижесінде барлық аймақтарда созылмалы аурулары бар адамдарға арналған тегін дәрілер рецептісін беру процедуралары жеӊілдетілгені - оныӊ 3 айға бір мерзімде берілетіні анықталды. Амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін 286 ұйымда тіркеу орнына қоӊырау шалу арқылы пациенттерді алдын-ала дәрігерге жазу немесе үйге шақыру шаралары енгізілген. 290 МСАК ұйымдарында шұғыл көмек қажет ететін пациенттер үшін сүзгі-кабинеттер мен дәрігерге дейінгі кабинеттер, ал профилактикалық тексерілу мақсатында келген пациенттер үшін 282 скринингтік кабинет қызмет көрсетеді. Барлық аймақтарда Пациенттерді қолдау қызметі мен "Қазір және дәл осы жерде" қағидасымен қызмет көрсететін сенім телефоны жұмыс істейді", - деп айтты Вице-министр.

Сондай-ақ отырыс барысында мектептегі медицина мәселелері талқыланды.

"Ағымдағы жылғы 1 маусымдағы жағдайға сәйкес күнтізбелік жоспар бойынша профилактикалық тексеру шараларымен 2,6 млн. оқушы (97,9%) қамтылды. Диспансерлік есепке 305,8 мыӊ оқушы (11,4%) тіркелді. Профилактикалық тексеру нәтижесі бойынша денсаулық топтары құрылып, оқушыларды жазғы демалыс кезінде сауықтырудыӊ жеке жоспары жасалды. Маусым айында 1,2 млн. оқушы сауықтыру шараларымен қамтылды", - деп хабарлады Алексей Цой.

Білім беру ұйымдарындағы оқушылар үшін медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын дайындау аяқталып келеді. 2017 жылы мектеп оқушыларыныӊ денсаулығы жайлы ақпаратты электронды тасымалдаушыға ауыстыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, жиын барысында Қарағанды және Павлодар облыстарындағы күйдіргімен сырқаттанған адамдарды емдеу мен оныӊ алдын алу; иммундау бойынша әлеуметтік жұмылдыру мен халықты ақпараттандыру; амбулаторлық деӊгейде дәрілермен қамтамасыз ету; медициналық білім беру мен адами ресурстарды басқару жүйелерін жетілдіру мәселелері; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шаралары (әрі қарай - МИМС) талқыланды.

Алқа мәжілісінде сөз сөйлеген Тамара Дүйсенова аурулардыӊ алдын алу мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметін жетілдіруге негізделген, әрбір пациентке бағытталған отандық денсаулық сақтау саласын дамытуға бар күш-жігерді салу керектігін атап айтты.

Жиынды қорытындылай келе, Тамара Дүйсенова жұмысты барлық бағытта жанданлырып, әсіресе, медициналық көмек көрсетудіӊ біріктірілген үлгісі мен МИМС-ті енгізу мәселелеріне жан-жақты қарастыруды тапсырды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны