15.04.2016, 12:17 4603

ҚР ДСИДМ-де мемлекеттік қызметтерді үкіметтік емес ұйымдарға беру мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Министр Тамара Дүйсенованыӊ басшылығымен селекторлық тәртіпте "Мемлекеттік органдардыӊ денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес ұйымдармен заманауи жағдайда өзара әрекеттесуі: ағымдағы жағдай, даму мәселелрі мен перспективалары. Мемлекеттік қызметтерді үкіметтік емес секторға беру" тақырыбында жиын өтті

Астана. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Министр Тамара Дүйсенованыӊ басшылығымен селекторлық тәртіпте "Мемлекеттік органдардыӊ денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес ұйымдармен заманауи жағдайда өзара әрекеттесуі: ағымдағы жағдай, даму мәселелрі мен перспективалары. Мемлекеттік қызметтерді үкіметтік емес секторға беру" тақырыбында жиын өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шараға ҚР ДСИДМ және Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығыныӊ басшылығы, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерініӊ салалық кәсіподағыныӊ, Ұлттық денсаулық сақтау палатасыныӊ, Республикалық медициналық палатасыныӊ, "Қазақстан ФармМедИндустрия" фармацевтикалық және медициналық өнімдер өндірушілері бірлестігініӊ, Қазақстандық жеке медициналық құрылымдар бірлестігініӊ, "Медициналық қызметкерлер құқығын қорғау" қоғамдық бірлестігініӊ өкілдері, сонымен қатар, кәсіби бірлестіктер (барлығы 79 ҮЕҰ), ҚР ДСИДМ штаттан тыс бас мамандары қатысты.

Жиында клиникалық хаттамаларды жасаудағы, практикалық денсаулық сақтау саласындағы мамандар мен түлектердіӊ білімі мен машығын тәуелсіз бағалаудағы, денсаулық сақтау саласы мамандарын үздіксіз кәсіби дамыту мен қосымша білім берудегі кәсіби бірлестіктердіӊ ролі; мемлекеттік қызметтерді денсаулық сақтау саласыныӊ үкіметтік емес секторына беру кезіндегі кәсіби бірлестіктердіӊ күшін нығайту қажеттілігі; медициналық қызмет көрсетудіӊ сапасын ұлғайтудағы пациенттерді қорғайтын бейкоммерциялық ұйымдардыӊ ролі және т.б. талқыланды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтін ҮЕҰ проблемалары мен перспективаларына баса назар аударылды.

Отырысты қорытындылай келе, Кәсіби бірлестіктер және ҮЕҰ Кеӊесін құру шешімі қабылданды. Аталған кеӊес үкіметтік емес секторға берілетін мемлекеттік қызметтер тізімін жасап, бекітетін болады, сонымен қатар, алға қойған мақсатты жүзеге асыру бойынша Жол картасын жасайды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны