08.08.2017, 19:41 4174

ҚР ДСМ Фармация комитетініӊ төрайымы болып Людмила Бюрабекова тағайындалды

ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтыӊ бұйрығымен Людмила Витальевна Бюрабекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігініӊ Фармация комитетініӊ төрайымы лауазымына тағайындалды.

Астана. 8 тамыз. Kazakhstan Today - ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтыӊ бұйрығымен Людмила Витальевна Бюрабекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігініӊ Фармация комитетініӊ төрайымы лауазымына тағайындалды.

Людмила Бюрабекова 1973 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, 2004 жылы - Қазақ фармацевтика институтын, 2014 жылы - Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша - дәрігер, дәріші, іскери әкімшіліктендіру магистрі.

Еӊбек жолын 2000 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясынан бастаған.

2004-2005 жылдары Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді клиникалық ауруханасында дәрігер-клиникалық дәрі-дәрмек маманы ретінде қызмет атқарған.

2005-2009 жылдары Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарыныӊ денсаулық сақтау басқармаларында әр түрлі лауазымдарды атқарған. 2009-2010 жылдары - ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетініӊ басқарма басшысы, содан кейін төрағаныӊ орынбасары қызметтерін атқарды. 2011-2014 жылдары Республикалық оӊалту орталығында, Ұлттық медицина холдингінде, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында жұмыс істеген.

2014-2015 жылдары ҚР Президентініӊ Іс басқармасында бас инспектор ретінде еӊбек еткен. 2015 жылдан бастап қазіргі таӊға дейін ҚР Президентініӊ Іс басқармасыныӊ Медицина орталығы басшысыныӊ орынбасары лауазымын атқарған.

Медицина қызметініӊ аға лейтенанты атағына ие.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны