30.09.2009, 15:21 5614

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Ауылшаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғаларының жауаптылығын қарастыру туралы ұсыныс берді

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Ауылшаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғаларының жауаптылығын қарастыру туралы ұсыныс берді

Астана. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Ауылшаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғаларының жауаптылығын қарастыру туралы ұсыныс берді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Атырау облысындағы балық шаруашылығының Жайық-Каспий облысаралық бассейндік инпекциясының лауазымды тұлғалары жасаған бұзушылықтардың көптеген фактілері анықталды",- деді М.Жұманбай.

Оның айтуынша, 2007 жылы үкіметтің нормативтік құқықтық актілерін бұза отыра облысаралық бассейндік инпекциясының лауазымды тұлғалары жанауарлар әлемінінің 9 пайдаланушысына көксерке балығын 2182 тонна көлемінде, яғни, орнатылған шектен 464 тоннаға артық аулауға рұқсат берген. Оған қоса, көксеркені артық аулау үшін төлемақыны үкімет 327 теңге көлемінде белгілегеніне қарамастан, аталған кооперативтерден төлем 20 теңгеден алынған.

"Жайық-Каспий бассейнінде балық аулауға рұқсатты инпекция 2009 жылғы 30 қаңтардан бастап берген, яғни, 2009 жылға балық аулау шегін белгілеу туралы үкімет қаулысының шығуынан 2 ай бұрын берілген. Соның салдарынан 36 рұқсат заңсыз берілген, олардың негізінде 571 435 кг балық ауланған. Бюджетке табиғат пайдаланушылар тарапынан 228,5 млн теңге салық төленбеген",- деді ресми өкіл.

Аталған факт бойынша еліміздің премьер-министрінің атына Ауылшаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғаларының жауаптылығын қарастыру туралы ұсыныс берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны