25.01.2008, 15:51 2546

ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің бірқатар қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапқа тартылуы керек -агенттік төрағасының орынбасары

ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің бірқатар қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапқа тартылуы керек -агенттік төрағасының орынбасары

Астана. 25 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің төраға орынбасары Қайрат Қожамжаровтың пікірінше, бірқатар қызметкерлерді былтырғы жылы кейбір істерді сыбайлас жемқорлық қылмыстарға жатпайды деп шешім қабылдағандары үшін қатаң тәртіптік жауапкершілкке тарту қажет. Бұл туралы ол бүгін өткен қаржы полициясының коллегиясында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Сыбайлас-жемқорлық қылмыстарды басқа салаға бұру тәжірибесі кеңінен етек жайып барады. 2007 жылы ондай 77 іс тіркеліп, олардың басым бөлігі Қарағанды (14), Атырау (10), Солтүстік -Қазақстан (9), Оңтүстік -Қазақстан және Шығыс-Қазақстан ( 5) облыстарының департаменттерінде орын алған ", деді Қ.Қожамжаров.

Ол еске салғанындай, "қаржы полициясының соңғы коллегиясында сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қатысты кез-келген істерді басқа салаға бұру әрекеті, жауапқа тартылып отырған тұлғаларды келісіліп жазадан алып қалу ісі деп бағаланады". "Осыған орай, бұл деректер бойынша кінәлі болған Қарағанды, Атырау және Солтүстік-Қазақстан облыстық департаменттері қызметкерлерін қатаң тәртіптік жауапқа тарту керек", - деп атап өтті қаржы полициясының төраға орынбасары.

"Сонымен бірге, кейбір департаменттердің шұғыл уәкілдері 2007 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстардың бетін мүлдем ашпаған", - деп жалғастырды ол. Қаржы полициясы өкілінің пікірінше, "мұндай жағдайды кәсіби немқұрайдылық және кейбір департамент жетекшілерінің жауапкершілігінің жоқтығымен түсіндіруге болады ". Ол бірқатар мысалдарды келтіріп, "былтырғы жылы ШҚО, Алматы қаласы, Жамбыл облысының департаменті қызметкерлері мен аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторлары іс жүзінде ештеңені бітірмеген ", деді.

"Осы қызметкерлердің қаржы полициясы органдары қатарында одан әрі жұмыс істеу мәселесін шешу қажет", - деп қорытындылады Қ. Қожамжаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны