13.09.2010, 15:50 4243

ҚР Елбасы Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барады

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

Ақтөбе. 13 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

Сапар аясында Елбасы "Ақтөберентген" акционерлік қоғамында болып, елімізде медициналық және өнеркәсіптік рентген аппаратын шығаратын жалғыз кәсіпорынның өндірісімен және оның өнімдерімен танысады, деп жоспарлануда.

Одан кейін "Ақтөберентген" АҚ базасында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының Ақтөбе облысында жүзеге асырылып жатқан жобаларының таныстырылымы өтеді. Мемлекеттік бағдарлама аясында өңірде жалпы сомасы1 триллионнан астам теңгенің 84 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. 2010 жылы 143,9 миллиард теңге соманың 43 инвестициялық жобасы іске қосылып, 7,9 мың жұмыс орны құрылады. Жылдың басынан бері жалпы құны 54,7 миллиард теңгенің 18 жаңа нысаны пайдалануға беріліп қойды, оның 13-і - Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылып отыр.

Одан кейін Елбасы "Нұр Отан" ХДП Жоғарғы партия мектебінің аймақтық оқу орталығына барады.

Қайта жаңарту жұмыстары жүргізілген ғимаратты аралап шыққаннан кейін Нұрсұлтан Ибішұлы партиялық мектептің тыңдаушыларымен - Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен, Ақтөбе филиалының қызметкерлері мен облыстың партиялық активімен кездеседі.

Елбасы сондай-ақ, "Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" эстафета-марафонының қорытындысын шығаруға арналған облыс жастарының слетіне қатысады.

Жұмыс сапарының соңында Нұрсұлтан Ибішұлы қайта жаңарту жұмыстары жүргізілген Орталық мәдениет және демалыс саябағына барады деп жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны