13.01.2014, 20:08 4761

ҚР елшісі Малайзия СІМ Бас хатшысы Датук Осман бин Хашиммен кездесті

2014 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Данияр Сарекенов Малайзия Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Датук Осман бин Хашиммен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР СІМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Данияр Сарекенов Малайзия Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Датук Осман бин Хашиммен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР СІМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастығының жағдайы мен болашақ перспективаларын талқылады.

Малайзиялық дипломат екі ел арасындағы саяси диалогтың, соның ішінде жоғары деңгейдегі байланыстардың даму екпініне жоғары баға берді. Д.Хашим екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және іскер топтары арасында бизнес байланыстарын кеңейту қажеттілігіне назар аударды.

Сонымен қатар тараптар, екі елдің халықаралық сахнадағы қарым-қатынастарын дамыту, соның ішінде түрлі халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара қолдау және Малайзияның 2015 ж. АСЕАН ұйымында төрағалығын ескере отырып аймақтық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны