12.12.2012, 12:09 2874

ҚР Еңбек министрлігі 2020 жылғы дейінгі Ұлттық біліктілік жүйесі жоспарын әзірлеуде

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп, онда еңбек дауларын реттеу мен шешу жөніндегі әлеуметтік серіктестік институты мәселелері қарастырылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Астана. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Еңбек министрлігі 2020 жылғы дейінгі Ұлттық біліктілік жүйесі жоспарын әзірлеуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп, онда еңбек дауларын реттеу мен шешу жөніндегі әлеуметтік серіктестік институты мәселелері қарастырылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

"Қазақстанда 2020 жылғы дейінгі Ұлттық біліктілік жүйесін кезең-кезеңімен әзірлеу жоспары енгізілетін болады. Оның шеңберінде экономикалық жұмыстың барлық түрлері бойынша кәсіби стандарттарды әзірлеу көзделуде", - делінген ҚР ЕХИҚМ хабарламасында.

2013 жылдан бастап еңбек заңнамалары негіздері бойынша құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау жоспарлануда.

Ақпаратта атап көрсетілгендей, әлеуметтік жаңғырту мақсаттарына сай, кәсіподақтардың құқықтары мен міндеттерін нақтылау мақсатында кәсіподақтар туралы заңнамалар жетілдірілетін болады.

Қазіргі кезде әлеуметтік ширығулардың алдын алудың және әлеуметтік-еңбек дауларын шешудің бірқатар нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық-техникалық және ақпараттық бағыттағы басым шаралары енгізілген Кешенді жоспары әзірленіп, қабылданған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны