08.02.2018, 15:47 4926

ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Илеумет" кешенді ақпараттық-түсіндіру бағдарламасын таныстырды

Бағдарлама халықтыӊ барлық санаттарын қамтитын 4 бағыттан тұрады: "Отбасы - Семья", "Жастар практикасы - Молодежная практика", "Еӊбек - Труд", "Зейнет - Пенсия".

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 7 ақпанында ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігініӊ медиа орталығында "Илеумет" бағдарламасыныӊ тұсауы кесілді.

Бағдарлама халықтыӊ барлық санаттарын қамтитын 4 бағыттан тұрады: "Отбасы - Семья", "Жастар практикасы - Молодежная практика", "Еӊбек - Труд", "Зейнет - Пенсия".

Бағдарламаныӊ мақсаты - әлеуметтік-еӊбек саласындағы мәселелер бойынша халықты ақпараттандыру деӊгейін арттыру. "Илеумет" бағдарламасы шеӊберінде жүзеге асырылатын шаралар қолжетімді, ашық, жедел, шынайылық қағидаттарына негізделген.

"Еӊбек министрі Тамара Дүйсенованыӊ өӊірлерге жасаған жұмыс сапарларыныӊ негізінде, қоғамдық қабылдаулар, министрліктіӊ ресми сайты арқылы, блог-платформалар мен ватсап-мессенджері арқылы ел азаматтарыныӊ әлеуметтік және еӊбек мәселелері бойынша қаншалықты хабардар екендігін байқап, талдадық. Осыдан кейін тұрғындар еӊбек құқығы мен әлеуметтік кепілдік туралы жеткілікті деӊгейде хабарсыз деген ұйғарымға келдік.Азаматтардытолық экономикалық өмірмен қамту олардыӊ әлеуметтік белсенділігіне тәуелді",- деп түсіндірді ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрініӊ баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеӊісбек.

Бағдарламаныӊ бірінші бағыты"Отбасы - Семья"туралы ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова кеӊінен айтып берді.

Оныӊ айтуынша, әлеуметтік қолдау аясында халық арасында 5 санат бойынша ақпараттандыру жүргізіледі; 1 жасқа толмаған баласы бар аналар мен отбасылар; мүгедек баласы бар отбасылар; асыраушысынан айрылған және асыраушысы мен қорғаншысынан айрылған балаларды асырап алған отбасылар; тұрмысы төмен отбасылар мен көпбалалы аналар.

"Министрлік еӊ алдымен балалы әйелдерге көрсетілетін мемлекеттік қызмет процедураларын жеӊілдетті. Дүниеге келген баланы тіркеу, мектепке дейінгі балалар ұйымына рәсімдеу, жәрдемақы тағайындау, әлеуметтік төлемдерді беру секілді төрт қызмет бір қызмет түріне біріктіріліп, әйелдердіӊ өтінішінсіз жүзеге асырылады. Бүгінгі таӊда осы қызметтіӊ пилоттық жобасы қолға алынды. Осыдан кейін кеӊ ауқымда іске асыру жоспарлануда" - деді вице-министр.

Екінші бағыт "Жастар практикасы - Молодежная практика" туралы ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Илтаев журналистерге баяндады. Оныӊ айтуынша, еӊбекпен қамту Бағдарламасы шеӊберінде оқу бітірген жас түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі шешілді.

"Оқу орнын бітірген жастар еӊбек өтілініӊ болмауына байланысты қызметке орналаса алмаған еді. Енді жас маман тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту Орталығына барып, өз мамандығы бойынша жастар практикасынан өткісі келетін ұйымды өзі таӊдайды. Бұл мекемеде ол тәжірибелі мамандардыӊ басшылығымен 6 ай бойы біліктілігін арттырады. Ирі жалақысы 25 АЕК көлемінде болады. Бұл 2018 жылы 60 125 теӊгеге теӊ. Бұл шығынды мемлекет өз мойнына алған. Бұдан кейін оныӊ жұмыс табуы жас маманныӊ өзіне байланысты", - дейді вице-министр Нұржан Илтаев.

Жастарды еӊбекпен қамтудыӊ тиімді шарасы ретінде оларды өз еркімен қайта қоныстандыруды айтуға болатынын вице-министр тілге тиек етті. Егер ерікті оӊтүстік аймақтан болып, еӊбек ету үшін жұмыс таба алмай қиналып жатса, мұндайда оған тұрақты жұмысқа орналасу үшін солтүстік облыстарға көшуге мүмкіндік беріледі. Сонымен бірге мемлекекет сол көшетін адамға қосымша материалдық көмек береді.

"Еӊбек-Труд" бағдарламасыныӊ бағыты бойынша Нұржан Алтаев әр азаматқа Еӊбек шартыныӊ негізінде жасалатын әлеуметтік кепілдіктер туралы хабарлау қажеттігіне баса назар аударды.

"Еӊбек келісім шартыныӊ жасалуы-тұрақты жалақыға, демалысқа, еӊбек өтілі мен еӊбек жағдайларын сақтауға, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарын төлеуге, әлеуметтік төлемдер мен өтемақылар алуға кепілдіктер береді", - деді вице-министр.

Төтінші бағыт"Зейнет - Пенсия" - елдегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне арналған.

Бұл бөлікте биыл шілде айынан бастап базалық зейнетақыны тағайындау тәртібінде және осы бағытта басқа да өзгерістер туралы жарияланған.

Ел азаматтарынан келіп түскен әлеуметтік саладағы сан-алуан сауалдар мен өтініштерге жедел жауап беру мақсатында биыл 17 - қаӊтардан бастап ватсапп- месенджері іске қосылған болатын. Баспасөз мәслихатында оныӊ алғашқы нәтижелері де айтылды.

"Аталған қызмет түрі қосылған 20 күн ішінде бізге 1500-дей қазақстандықтардан өтініш келіп түсті. Оныӊ шамамен 1107-сі әлеуметтік-еӊбек саласына қатысты болды. шамамен 1107 сұрақ келіп түсті.Бүгінгі таӊда 916-ға жуық азамат өз сұрақтарына толыққанды жауап алды, қалғандарына күн сайын тиісті жауаптар беріледі. Тұтастай алғанда азаматтардыӊ басым бөлігі жаӊа форматтағы Атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат білгісі келсе, одан кейін әлеуметтік қорғау саласына сауалдар келіп түскен. Үшінші орында - еӊбек құқығы саласындағы заӊ бұзушылықтар туралы болды", -деп атап өтті министрдіӊ баспасөз хатшысы.

Айта кету керек, Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ашылған медиа-орталықта бүгінгі өткен баспасөз мәслихаты алғаш рет болып отыр.

Нұрлыбек Жеӊісбектіӊ айтуынша, мұндай баспасөз мәслихаты апта сайын өткізіледі және ол халықты ақпараттандыруға және әлеуметтік-еӊбек саласында ел азамттарыныӊ құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны