24.01.2008, 16:59 2912

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жалпы тәртібін дайындауды жоспарлап отыр

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жалпы тәртібін дайындауды жоспарлап отыр

Жезқазған. 24 января. "Қазақстан Бүгін" - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жалпы тәртібін дайындауды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі форумында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы Бердібек Сапарбаев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұл салада дамыған елдердің халықаралық тәжірибесіне сәйкес кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілік мәселесінде белгіленген тәртібін бекітуіміз керек", - деді министр. "Бірінші кезекте, білгілі бір топтағы адамдардың сұранысын ғана ескеріп қана қоймай, даму жағынан тиімді, әрі болашақта үлкен жетістіктерге жетелейтін жобаларды іске асыру керек. Осындай жобалар қазақстандық әлеуметтік жауапкершілік моделінің басты мәні және темірқазығы болуы тиіс", - деп атап өтті Б. Сапарбаев.

Министрліктің басшысы атап өткеніндей, ол "әлеуметтік серіктестері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде Ұлттық кодексі мен ұлттық деңгейдегі маңызды әлеуметтік жобаларды дайындап, олардың тізімін жасайтынына сенімді".

Б. Сапарбаевтың пікірінше "орталық және жергілік атқарушы органдары іскерлік қоғамдастықтық әлеуметтік көмек көрсетуін ынталандыру ретінде оларға оңтайлы жағдай туғызу үшін, заңдардың реформасын жалғастыру керек". "Сонымен қатар, ең үздік жасалған әлеуметтік тәжірибені таратып, бизнестің әлеуметтік белсенділігін көтермелеу жүйесінің шараларын дайындап, іске асыру керек ", - деді ол.

Министрліктің ақпараты бойынша, ҚР 1993 жылдан бастап республикалық деңгейде қол қойылған 19 салалық бас келісім шарттары бар. Ал қазірге кезде 21 мыңнан аса ұжымдық келісім шарттары жасалған. 2007 жылы кәсіпкерлер тарапынан 30 млрд теңге мөлшерінде демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны