05.03.2015, 16:09 3717

ҚР Энергетика министрлiгi: Ресей бензинiне тыйым салу - жанар-жағармай бағасына әсер етпейдi

ҚР Энергетика вице-министрi Мағзұм Мырзағалиев Ресейден жеткiзiлетiн мұнай өнiмдерiнiӊ импортына уақытша тыйым салудыӊ басты себептерiн атады

Астана. 5 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Энергетика вице-министрi Мағзұм Мырзағалиев Ресейден жеткiзiлетiн мұнай өнiмдерiнiӊ импортына уақытша тыйым салудыӊ басты себептерiн атады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бiздiӊ мұнай өӊдеу зауыттарымызда жаӊғырту жүруде. 2016 жылы ол жұмыс аяқталады деп күтiлуде. Оған дейiн бiздiӊ нарықта жоғары октанды жанар-жағармай мен дизель отыны жетiспеушiлiк байқалуда және әдетте Ресей Федерациясынан жеткiзiлетiн импорттыӊ есебiнен толықтырылып келедi. РФ импортталатын жетiспейтiн отын көлемi бойынша қарым-қатынас Қазақстан мен Ресей арасындағы Индикативтi баланс негiзiнде реттеледi. Ағымдағы жылы Индикативтi баланс ережесiне сәйкес, Қазақстанныӊ iшкi нарығына жетiспейтiн отын көлемiн толықтыру үшiн Ресейден импортталатын автокөлiк бензинiнiӊ көлемi 1 млн. 100 мыӊ тоннаны, ал дизель отыны 520 мыӊ тоннаны құрайды. Аталмыш отын көлемiн Ресейден Қазақстанға жеткiзу бекiтiлген графикке сәйкес күнтiзбелiк, аймақтық және тағы басқа жыл сайынғы елiмiзде отынды пайдалану жорамалы бойынша ай сайынғы мерзiмге жоспарланған", - дедi ол тiлшiлерге берген баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, 2015 жылдыӊ екi айында импортталған бензин көлемi жоспардан асып түскен. Бұл дегенiмiз - индикативтi балансқа байланысты жылдыӊ соӊында жанар-жағармай жеткiзiлмей қалуы ықтимал.

"2015 жылдыӊ қаӊтар айында Индикативтi балансқа сәйкес, Қазақстанға Ресейден 90 мыӊ тонна бензин жеткiзу жоспарланған болатын, ал iс жүзiнде 180 мыӊ тонна бензин әкелiндi. Ақпан айында аталған жағдай тағы да қайталанды. Жоспарланған көлем 80 мыӊ тоннаны құраса, әкелiнген көлем 140 мыӊ тоннаны құрады. Нәтижесiнде, 2015 жылдыӊ қаӊтар және ақпан айларында Қазақстан Республикасына балансқа сәйкес бекiтiлген жоспардан тыс 150 мыӊ тонна бензин импортталды. Аталған жоспардан тыс Индикативтi жоспарға енгiзiледi, ал бұл 2015 жылдыӊ соӊына дейiнгi Ресейден әкелiнетiн отын көлемiнiӊ графигiне өз әсерiн тигiзетiндiгiн атап өту керек", - дедi ол.

"Көлiк иелерiн мазалап жүрген бiр сауал барын бiлемiз, Ресейден мұнай өнiмдерiн жеткiзуге енгiзiлген уақытша тыйым көп қолданылатын бензин бағасына (Аи-92, Аи-80) және дизель отынына керi әсерiн бермейдi", - дедi ол.

Еске сала кетейiк, аталмыш тыйым 5 наурыздан бастап енгiзiлдi және 45 күнге созылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны