16.09.2008, 13:45 1508

ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Қазақстанның ядролық энергетика саласындағы бірқатар халықаралық конвенцияларды жедел бекітуін талап етеді

ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Қазақстанның ядролық энергетика саласындағы бірқатар халықаралық конвенцияларды жедел бекітуін талап етеді

Астана. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Қазақстанның ядролық энергетика саласындағы бірқатар халықаралық конвенцияларды жедел бекітуін талап етеді. Бұл туралы еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бірқатар тәуелді келісімдер бар. Мәртебесіне қарай үкіметаралық келісімдер. Мәселен, жапондықтармен әлдебір технологияларды алу жөнінде келісімге келу үшін, осы технология бойынша өндірілген өнім артынан Жапония нарығында сату үшін сертикатталуы үшін олар үкіметаралық келісімге қол қоюды ұсынады, ал оның түрлі конвенцияларға сілтемелері көп, ал олар елімізде бекітілмеген", -деді С. Мыңбаев.

"Сол себепті бүгінгі отырыстың хаттамалық шешімінде тым құрыса екі-үш конвенция бойынша Иділет министрлігінің қорытындысы тез алынса дегенді сұраймыз", - деді министр.

"Олай болмаған күнде олар тиісті үкіметаралық келісімге қол қоймайды, біз де қол қоя алмаймыз, соның салдарынан болмашы себептермен бұл жұмыс тоқырап тұр", - деді С.Мыңбаев.

Өз кезегінде Кәрім Мәсімов ҚР Иділет министрлігі мен ҚР СІМ-іне "халықаралық келісімдерге қатысты барлық жұмыстарды тездетіп аяқтауды" тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны