14.01.2008, 19:47 3165

ҚР ІІМ азаматтардан заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алады

ҚР ІІМ азаматтардан заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алады

Астана. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және атыс қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды пайдаланумен байланысты қылмыстардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1299 қаулысымен бекітілген заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесін әзірледі, деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осы ережеде қару-жарақ заттарының әрбір бірлігін ерікті тапсырған азаматтарға мемлекеттен оннан жүз айлық есеп көрсеткішіне дейін төлемақы төлеу көзделген.

Атыс қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды қабылдау аумақтық ішкі істер органдарының барлық бөлімшелерінде жүргізіледі. Заңсыз сақтаудағы атыс қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тапсырған азаматтарға Қазақстан Республикасының сол жылға сәйкес республикалық бюджет туралы Заңымен белгіленген.

Атап айтсақ, автоматты ойықты атыс қаруының әр бірлігі үшін жүз еселік айлық есептік көрсеткішке дейін; ұзын ұңғылы ойықты атыс қаруының (винтовкалар, карабиндер) әр бірлігі үшін елу еселік айлық есептік көрсеткішке дейін; қысқа ұңғылы ойықты атыс қаруының әр бірлігі үшін қырық еселік айлық есептік көрсеткішке дейін; тегіс ұңғылы атыс қаруының әр бірлігі үшін отыз еселік айлық есептік көрсеткішке дейін; жарақат салатын тапаншаның немесе револьвердің әр бірлігі үшін он еселік айлық есептік көрсеткішке дейін; әр граната, мина, жару құрылғысы және артиллерия снаряды үшін жеті еселік айлық есептік көрсеткішке дейін; жарылғыш заттардың әр 1000 грамы үшін алты еселік айлық есептік көрсеткішке дейін; ойықты қару патрондарының әр бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің жиырма төрттен бір бөлігіне дейін сыйақы белгіленеді.

Тіркелмеген атыс қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Сонымен қатар Үкіметтің 2000 жылғы 3 тамыздағы "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру бойынша шаралар туралы" № 1176 қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес жеке және заңды тұлғаларда бар ұңғысыз жарақат салатын қарулар ішкі істер органдарында тіркеуге алынады.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі осы қаруды тіркеуге үш ай мерзімді (ағымдағы жылдың 1 ақпаны 30 сәуірі аралығында) белгіледі, оның аяқталуы бойынша олар иелерінен заңсыз сақтағаны ретінде алынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны