17.12.2011, 14:09 3525

ҚР ІІМ басшысы Жаңаөзендегі ахуалыдың тұрақталғандығы туралы мәлімдеме жасады

Министрдің мәліметтеріне сүйенсек, "тәртіпсіздік салдарынан 10 адам мерт болып, 75 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының 6 қызметкері зардап шеккен, олардың біреуінің жағдайы ауыр".

Ақтау. 17-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов Жаңаөзендегі ахуалыдың тұрақталғандығы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жаңаөзендегі тәртіпсіздік басылды, қаладағы жағдай тынышталды, алаңда ешкім жок",- деп хабарлады Қ. Қасымов телефон арқылы Жаңаөзен қаласынан.

Министрдің мәліметтеріне сүйенсек, "тәртіпсіздік салдарынан 10 адам мерт болып, 75 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының 6 қызметкері зардап шеккен, олардың біреуі ауыр халде".

Жаңаөзендегі тәртіпсіздікті тудырып отырған бұрындары жұмыстан шығарылған мұнайшылар. Олар үстеріне "ҚазМұнайГаз" деген жазуы бар арнайы форма киген. Олар бастапқыда мерекелік іс-шараларды өткізуге кедергі келтіріп, алаңда орнатылған сахнаны қиратып тастаған. Осыдан кейін маңайындағылардың бәрін жаппай қиратуға көшкен.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары аталмыш оқиғаға қатыс бар деген күдікпен 70 жуық адамды қамауға алған.

Қасымов Жаңаөзендегі оқиғаны тергеумен айналысатын жедел-тергеу тобын басқарады.

Жаңаөзен қаласында 16-шы желтоқсан - Тәуелсіздік күні наразылықтарын білдіру мақсатында шеруге шыққан бірқатар азаматтардың әрекеттері жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Олар тәртіп сақшыларына қарсы шығып, мемлекет мүлкін шығынға ұшыратты.

Бұзақылар тәртіп сақшыларына тас пен бөтелке лақтырды. Осы кезде жағдай мүлдем ушығып кеткендей болған. Абырой болғанда Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына шын жүректен ниеттес болып шыққан азаматтардың ешқайсысы да жарақат алған жоқ. Құқық қорғау органдарының бірлескен жедел қимылдарының арқасында бұзақыларды сабасына түсіріп, жағдайды қалыпқа келтіруге мүмкіндік туды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қандай да бір қақтығыстарға жол бермеу мақсатында қала көшелерін күшейтілген режимде күзетуде. Бұзақылардан дене жарақаттарын салуға арналған бірқатар қарулар алынды. Адамның жанын түршіктіретін мұндай қарулардың кімге бағытталғаны белгісіз. Себебі Жаңаөзендегі мерекелік шараларға қатысушылардың дені балалар мен жасөспірімдер болатын. Осылайша Маңғыстаудағы тәртіпсіздіктердің не үшін орын алғаны әзірге түсініксіздеу болып отырған жайы бар. Кейбіреулер оны көпшіліктің әлеуметтік ақыл-ойының өсуінің нәтижесі дегенге сендіргісі келеді. Ал шын мәнінде бұл жай ғана бұзақылық пен шектен шыққандық. Өйткені мұндай әрекеттердің Қазақстаннан да мықты дамыған елдердің өзінде орын алу мүмкіндігін ешкім де жоққа шығара алмайды. Маңғыстауда болған оқиғалардың мән-маңызын талдап шығудың маңызы зор. Ал еліміздің жаһандық үдерістерге барынша ықпалдасып жатқандығын ескерсек, бізге қазір кез-келген жағдайға дайын болу қажет сияқты.

Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны