19.10.2012, 12:56 3609

ҚР ІІМ ХКҰ адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚР ІІМ мәліметінше, меморандум адам саудасының құрбандарына көмек көрсету, адам саудасымен байланысты қылмыстарды ескерту, жолын кесу, анықтау және тергеу мақсатында ақпарат алмасу, алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу саласында тараптардың ынтымақтасуын көздейді.

Астана. 19-қазан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 18 қазанында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов пен Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы Миссиясының басшысы Деян Кесерович адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ІІМ мәліметінше, меморандум адам саудасының құрбандарына көмек көрсету, адам саудасымен байланысты қылмыстарды ескерту, жолын кесу, анықтау және тергеу мақсатында ақпарат алмасу, алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу саласында тараптардың ынтымақтасуын көздейді.

Сонымен қатар, қатысушылар кездесу барысында адам саудасына қарсы күрес және халықтың көші-қоны саласындағы ынтымақтастық пен жұмысты одан әрі жалғастырудың ортақ мәселелерін талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны