05.08.2008, 17:27 2605

ҚР ІІМ ішкі істер органдарының қызметін құқықтық жағынан қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі кеңестерді жасап шығарды

ҚР ІІМ ішкі істер органдарының қызметін құқықтық жағынан қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі кеңестерді жасап шығарды

Алматы. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ішкі істер министрлігінде болған семинар кеңесте ішкі істер органдарының қызметін құқықтық жағынан қамтамасыз ету механизмін әрі қарай жетілдіру жөніндегі кеңестер жасалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР ІІМ заң департаментіне сілтеме жасай отырып.

ҚР ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев семинарда сөйлеген сөзінде барлығы бірдей мойындаған халықаралық стандарттар ішкі істер органдарының заң бөлімшелерінің бағдары болып табылатынын атап көрсетті және министрліктің заң жобасын жасау қызметі жөнінде әңгімеледі.

Атап айтқанда, ол биылғы жылы мемлекет басшысы ІІМ дайындаған 20 заңның онына қол қойғанын атап өтті. Қабылданған заң актілерінің әрқайсысы заң бұзушылықтың профилактикасы мен қылмыстармен күрестегі тиімділікті арттыруға бағытталған және қандай да бір қызметтің жұмысын жетілдірудегі нақты тапсырмаларды шешеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны