18.05.2009, 13:34 1938

ҚР ІІМ ішкі қауіпсіздік департаментінің төрағасы тағайындалды

ҚР ІІМ ішкі қауіпсіздік департаментінің төрағасы тағайындалды

Астана. 18 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ІІМ ішкі қауіпсіздік департаментінің төрағасы болып Александр Кулинич тағайындалды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаменті жетекшісінің міндетін атқарушы Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"ҚР ІІМ-нің 2009 жылдың 14 мамырындағы бұйрығымен ішкі қауіпсіздік департаментінің төрағасы болып Александр Васильевич Кулинич тағайындалды", - деді Қ. Жұманов.

Оның айтуынша, полиция генерал-майоры А. Кулинич ішкі істер органдарында 1984 жылдан бастап жұмыс істей бастаған. Жедел уәкіл, Астрахан АІІБ бастығы, ҚР ІІМ Криминалдық полициясы департаментінде басшылық қызметтерде болған.

"Кейінгі кездері ҚР ІІМ-нің кеңесшісі қызметін атқарды. Жетекшілік жұмыстың мол тәжірибесін жинақтаған", - деді Қ. Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны