07.12.2009, 13:39 1685

ҚР ІІМ кәмелетке толмаған екі баланы өлтірді деген күдікпен 18 жастағы Өзбекстан азаматшасын іздестіруде

ҚР ІІМ кәмелетке толмаған екі баланы өлтірді деген күдікпен 18 жастағы Өзбекстан азаматшасын іздестіруде

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР ІІМ кәмелетке толмаған екі баланы өлтірді деген күдікпен 18 жастағы Өзбекстан азаматшасын іздестіруде. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"4 желтоқсанда сағат 14.45-те Алматының Жетісу ауданында "Дорожник" шағын ауданындағы үйдің пәтерінде зорлық-зомбылық белгілерімен өлтірілген 2 кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылып, 8 жасар қыз бен әйел пышақ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді",- деді ол.

Қ.Жұмановтың айтуынша, қылмыс жасады деген күдікпен Өзбекстан Республикасының 18 жастағы азаматшасы Абдуллаева Барно-ой Мухамадсодиковна іздестірілуде. Оның белгілері: бойы 150-155 см, толықша денелі, шашы қара, қысқа кесілген, оң қолының білегі дәкемен байланған. Сұр пальто киген.

"Ішкі істер министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарынан осы ақпаратты жариялауды, ал азаматтардан - іздестірудегі адам туралы кез-келген ақпаратты еліміздің барлық өңірлерінде 102 телефондары арқылы хабарлауды сұрайды",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны