26.03.2007, 17:05 3230

ҚР ІІМ Каспий теңізінің биоресурстарын қорғауға қосымша күштерді жұмылдырады

АСТАНА. 26-наурыз. Kazakhstan Today. ҚР ІІМ Каспий теңізінің биоресурстарын қорғауға республиканың құқық қорғау мекемелерінен қосымша күштерді жұмылдыруға шешім қабылдады. Бұл туралы бүгін министрлікте өткен баспасөз мәслихатында Атырау облыстық ІІД-нің төрағасы Мұхаран Иміров құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бүгінге дейін Каспий теңізінің биоресурстарын қорғауға жергілікті полиция қызметкерлері мен басқа да жергілікті құқық қорғау органдарының күштері жұмылдырылып келген. Олар 1030 шақырымға созылып жатқан Каспий теңізі акваториясының солтүстік бөлігі мен Орал өзенінің 400 шақырымдай бөлігіне қызмет етті",- деді М.Иміров. "Бүгін министрдің қатысуымен өткен шұғыл кеңесте осы операцияға тартылатын қызметкерлердің санын артыруға шешім қабылданды. Олар басқа өңірлерден Атырау облысына іссапармен жіберу және ҚР ІІМ ішкі әскерінің жауынгерлерін жұмылдыру арқылы іске асырылады",- деді ол.

М.Иміровтың айтуынша, "Атырау облыстық ІІД тек жергілікті браконьерлермен ғана күресіп отырған жоқ. Осы қылмыстарға Ресей Федерациясының Астрахань облысы, Қалмақстан мен Дағыстан Республикаларының тұрғындары да қатысуда". "Ең белсенді браконьерлер - Дағыстан Республикасының тұрғындары. Каспий теңізінде мемлекеттік шекарадан өтетін олар Орал өзеніне дейін жетеді",- деді облыстық ІІД-нің басшысы. Оның хабарлауынша, Атырау облыстық ІІД-іне басқа өңірлердің ІІД-інен 7-10 адам бекіре тұқымдас балықтар уылдырық шашатын маусымда ғана (10-сәуір мен 1-аусым аралығы) іссапарға жіберілетін болады.

"Біз өз әріптестерімізді лауазымына қарай тартатын боламыз. Кей жерлерде бізге патруль қызметі, кей жерлерде учаске инспекторы, кейде жол полициясының қызметкері, кейде тергеуші қажет болып жатады. Сол себепті қазір іссапарға жолданатындардың саны мен мамандығын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл мәселе бүгін кешке дейін дәйектеледі",- деді М.Иміров.

Оның хабарлауынша, кеңесте сонымен бірге Атырау облыстық ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде үкіметке ұсыныс енгізу туралы шешім қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны