08.01.2007, 14:23 2550

ҚР ІІМ Қазақстанда тізгіні оң жақта орналасқан автокөліктерді мінуге 2010-жылдың басынан бастап тыйым салу ниетінен бас тартқан жоқ (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 8-қаңтар. Kazakhstan Today. ҚР ІІМ Қазақстанда тізгіні оң жақта орналасқан автокөліктерді мінуге 2010-жылдың 1-қаңтарынан бастап тыйым салу ниетінен бас тартқан жоқ. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ жол полициясы комитетінің төрағасы Өмірзақ Түсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Ө.Түсімовтың айтуынша, осыған байланысты министрлік бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізбекші. Оның нақтылауынша, қазір осындай бір заң жобасы үкіметтің қарауында жатыр. Онда "Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы" заңға түзету енгізу қарастырылған. "Техникалық реттеу туралы" заңға енгізілетін өзгертулердің жобасын біз осы жылдың 1-қарашасына дейін жасап үкіметке ұсынуға тиіспіз,- деді комитет төрағасы. "Сөйтіп тізгіні оң жақта орналасқан автокөліктерді мінуге тыйым салу туралы шешімді үкімет емес, парламент қабылдайды",- деді журналистер сауалына жауап берген Ө.Түсімов.

Осындай өзгертулердің парламентте қолдау табу мүмкіндігін ол былай деп түсіндірді: "біз құқықтық мемлекетпіз. Мұндай елде біреулер тізгіні сол жақтағы, ал екінші бір бөлігі оң жақтағы көлікті мініп жүре алмайды. Сол себепті өзгертулер парламеттен өтеді деп ойлаймын".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны