17.03.2010, 17:14 3033

ҚР ІІМ Қызылағаш ауылында болған тасқынға қатысты қылмыстық істің аясында Су ресурстары комитетінің өңірлік су шаруашылығы басқармасының жауапкершілігін қарауда

ҚР ІІМ Қызылағаш ауылында болған тасқынға қатысты қылмыстық істің аясында Су ресурстары комитетінің өңірлік су шаруашылығы басқармасының жауапкершілігін қарауда

Астана. 17 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР ІІМ Қызылағаш ауылында болған тасқынға қатысты қылмыстық істің аясында Су ресурстары комитетінің өңірлік су шаруашылығы басқармасының жауапкершілігін қарауда. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"ІІМ-нің жедел тергеу тобы басқа да мемлекеттік органдардың, оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің өңірлік су шаруашылығы басқармасының бірқатар лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін қарауда",- деді Қ.Жұманов.

"Ақсу ауданының Қызылағаш ауылында адамдардың өліміне әкеп соққан төтенше жағдай бойынша Алматы облысының прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. Осы істі ІІМ-нің Тергеу комитеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 315-бабы (қызметтік әрекетсіздік) және 316-бабы (салақтық) бойынша өндіріске алды",- деді ол.

"Жүргізілген тергеу амалдарының барысында Қызылағаш ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар қызметі бастығының орынбасары, Ақсу ауданы төтенше жағдайлар бөлімшесінің бастығы, "Шынар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры мен құрылтайшысы және Су пайдаланушылар арнайы өндірістік кооперативінің атқарушы директоры ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды",- деді ресми өкіл.

"Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу жалғасып, бірқатар сараптамалар тағайындалды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тергеу барысы Бас прокурор мен Ішкі істер министрінің бақылауында",- деді ІІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны