07.04.2009, 15:24 2880

ҚР ІІМ қолданыстағы заңнамаға балалар порнографиясын таратқаны үшін жауапкершілік жүктеуді қарастыратын жеке норма енгізуді ұсынады

ҚР ІІМ қолданыстағы заңнамаға балалар порнографиясын таратқаны үшін жауапкершілік жүктеуді қарастыратын жеке норма енгізуді ұсынады

Астана. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ІІМ қолданыстағы заңнамаға балалар порнографиясын таратқаны үшін жауапкершілік жүктеуді қарастыратын жеке норма енгізуді ұсынады. Бұл туралы бүгін адам саудасына қарсы күрес мәселелері бойынша Астанада өткен ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ҚР ІІМ криминалдық полициясы төрағасының орынбасары Бекет Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Кәмелеттік жасқа жетпегендерді жыныстық тұрғыда қанаумен күресу мақсатында бүгінгі кездесуде қолданыстағы қылмыстық-процессуалдық заңнамаға балалар порнографиясын таратқаны үшін жауапкершілік жүктеуді қарастыратын жеке норма енгізу мәселесін қарастырып, нұсқау дайындауды ұсынамыз", - деді Б. Аймағамбетов.

ҚР ІІМ өкілінің айтуынша, қолданыстағы қылмыстық-процессуалдық заңнамада дәл балалар порнографиясын таратқаны үшін жауапкершілік жүктеуді қарастыратын норма жоқ. Ал Б. Аймағамбетовтың БҰҰ балалар қорына (ЮНИСЕФ) сілтеме жасап хабарлауынша, балалар порнографиясының жылдық көлеңкелі айналымы 2,2 - 3,3 млрд евроны құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны