26.03.2007, 14:32 3817

ҚР ІІМ криминалдық полициясы комитетінің төрағасы ауысты

АСТАНА. 26-наурыз. Kazakhstan Today. ҚР ІІМ криминалдық полициясы комитетінің төрағасы ауысты. Бұл қызметке осы комитет төрағасының орынбасары болған полковник Сұлтан Күсетов тағайындалды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ-нің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Б.Қожахметовтың хабарлауынша, республика ішкі істер министрі сонымен қатар есірткі саудасымен күрес комитетінің төрағасы лауазымына Маратқали Нүкеновты тағайындау туралы өкімге қол қойды. Ол бұған дейін Ақтөбе облыстық ІІД-ін басқарды.

"Екі тағайындауға да үкіметтің қаулысы мен ішкі істер министрінің бұйрығы негіз",- деді Б.Қожахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны