18.02.2008, 16:55 3403

ҚР ІІМ орталық аппарат қызметкерлерін 20% қысқартты

ҚР ІІМ орталық аппарат қызметкерлерін 20% қысқартты

Астана. 18-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Икімшілік реформа жүргізу барысында 2008 жылы ҚР Ішкі істер министрлігі орталық аппараттың жеке құрамын 20% қысқартты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР ІІМ ақпарат және бұқарамен байланыс орталығына сілтеме жасай отырып.

Орталық хабарламасына сәйкес, министрлік өз қызметкерлердің санын қысқарта отырып, олардың жалақысы мен сапасын арттыру әдісін енгізіп жатыр. Соның арқасында қызметкерлердің жалақысы 20-30 пайызға көтерілген.

Сонымен қатар, ішкі істер органдарының аумақтық және көліктік құрамының 25 басшысы олай-бұлай ауыстырылды. Министрлік өкілдіктерінің өкілеттілік бойынша орталыққа тәуелділігін азайту, ішкі істер департаменттерінің басшыларының дербестігін арттыру мақсатында ІІМ номенклатурасынан ІІД басшыларының номенклатурасына 334 лауазым, ал оқу орындарының басшыларына 36 лауазым берілді.

ІІМ ақпарат орталығы хабарлағандай, әкімшілік реформаны жүргізу бойынша жұмыс тобына аралық функцияларды атқаратын бірқатар аттестацияланған құрам қызметін қысқартуды көздейтін қызметкерлер лауазымдарының реестрін оңтайландыру бойынша ұсыныстар жолданған.

"Қазіргі уақытта ішкі істер қызметін әрі қарай жетілдіру және жұмыстың қорытынды нәтижесіне жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ, қолда бар жалақы қорының аясында еңбекақыны арттыру мақсатында ішкі істер органдарының аумақтық және көліктік құрылымын оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", деп көрсетілген баспасөз баянында. Сонымен бірге, "қылмыстық жағдайдың қиындап кетуінің алдын ертерек алу мақсатында Сараптама және болжау орталығы құрылу үстінде".

Естеріңізге сала кетсек, соңғы үш жылда ІІМ әкімшілік реформа аясында министрдің орынбасарларының саны алты адамнан үш адамға дейін қысқартылды. Криминалдық, әкімшілік және жол полициясы комитеттері, тергеу комитеті, қызметтік қағида бойынша біріктірілген қызметтер құрылды. ІІМ ақпарат орталығында түсіндіргендей, "бұл орталық аппараттағы департаменттер санын 17-ден 12-ге, дербес басқармаларды 9-дан бірге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Осылайша, олардың қызметтерінің қайталануы жойылды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны