18.05.2009, 15:12 2886

ҚР ІІМ "Өзен-Атырау-Самара" магистральдық мұнай құбырынан өңделмеген мұнай ұрлап жүрген топты құрықтады

ҚР ІІМ "Өзен-Атырау-Самара" магистральдық мұнай құбырынан өңделмеген мұнай ұрлап жүрген топты құрықтады

Астана. 18 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ІІМ "Өзен-Атырау-Самара" магистральдық мұнай құбырынан өңделмеген мұнай ұрлап жүрген топты құрықтады. Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полициясы комитеті төрағасының орынбасары Бекет Аймағамбетов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ағымдағы жылғы 15 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Маңғыстау облысының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Батыс өңірлік ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Сай-Өтес ауылының маңайында (Ақтау-Бейнеу бағытындағы жолдың 284 шақырымы маңайында) "Өзен-Атырау-Самара" магистральдық мұнай құбырынан өңделмеген мұнайды ұрлау оқиғасын анықтады",- деді ол.

Іс-шараларды одан әрі жүргізу барысында "Қазақстан Темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның Маңғыстау темір жолы бөлімшесінің Сай-Өтес темір жол станциясы аумағындағы тұйықтардың бірінде 4 бос, 2 толтырылып, пломбаланған және біреуі ішінара толтырылған темір жол цистерналары табылған.

Сонымен қатар, автотіркемесі бар 6 "МАЗ", "КрАЗ", "КамАЗ" мұнай тасығыш пен олармен ілесіп жүрген "ТОЙОТА ЛАНД КРУЗЕР" автокөлігі, өзге де құралдар (сорғы, мұнай тасығыштан темір жол цистерналарына өңделмеген мұнайды құятын құбыршектер), сондай-ақ жүкті жіберу құжаттары, вагондарды беру журналдары, өтінімдер, жіберушіге арналған сенімхаттар табылды. Өңделмеген мұнайдың сынамасы алынды, сот химиялық сараптама тағайындалды.

Қылмыс орнында 9 адам ұсталды. Қылмыс жасағанына қатысы бар өзге де адамдар мен келтірілген зиянның көлемі анықталуда.

Алдын-ала мәліметке сәйкес, цистерналарда 600 тоннадан астам мұнай болған.

Мұнай құбырының жалпы ұзындығы-1080 шақырым. Маңғыстау учаскесінің ұзыңдығы - 433 шақырым. Иесі - "Қазтрансойл" АҚ, күзетуді "Семсер" ЖШС жүзеге асырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны