14.09.2016, 17:29 4276

ҚР ІІМ сайттардағы құқыққа қайшы әрекеттерді кеӊінен анықтау мақсатында кибержасақ құрмақ

"Жыл басынан бастап 327 сайт анықталды, олардыӊ 248-і соттыӊ шешімімен жабылды",-деді С. Құсетов.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР ІІМ сайттардағы құқыққа қайшы әрекеттерді кеӊінен анықтау мақсатында кибержасақ құру мәселесін талқылауда. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментініӊ басшысы Сұлтан Құсетов мәлім етті.

Министрлік мәліметіне қарағанда, есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті интернет-ресурстарын қолдану арқылы есірткі өткізу фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша күн сайын жұмыстар жүргізуде. Заӊсыз есірткі айналымына қатысы бар деген сайттар, әлеуметтік желілер және де басқа интернет ресустар қатаӊ бақыланып отырады.

"Жыл басынан бастап 327 сайт анықталды, олардыӊ 248-і соттыӊ шешімімен жабылды",-деді С. Құсетов.

Оныӊ айтуынша, интернет ресурстары арқылы есірткіні кеӊінен саудалау ахуалы байқалып отырған жоқ.

"Интернет арқылы өткізу фактілері бар, алайда ірі ауқымда тіркелмеді. Есірткіге қатысты жарнама жүріп жатқан сайттарды жедел анықтап, оларды жабуға әрекет етеміз. Осы ретте барша сайттарды қамту бойынша барынша күш-жігер жұмсаудамыз. Қазіргі кезде кибержасақты құру мәселесін қарастырып жатырмыз. Меніӊ ойымша, біз осы бағыттағы тиісті қадамдарды әзірлейміз. Кибержасақтыӊ құрамындағылар құқыққа қайшы әрекеттер жасап отырған сайттарды анықтауға бізге көмектесетін болады",-деді департамент басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны