21.12.2011, 15:24 4009

ҚР ІІМ Жаңаөзенде болған тәртіпсіздік кезінде құрбан болғандар мен зардап шеккендердің жалпы санын хабарлады

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы және Шетпе станциясындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 15 адам қаза болды, 110 адам жарақат алды, 41 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрі (ІІМ) Қалмұханбет Қасымов.

Ақтау. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР ІІМ Жаңаөзенде болған тәртіпсіздік кезіде құрбан болғандар мен зардап шеккендердің жалпы санын хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы және Шетпе станциясындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 15 адам қаза болды, 110 адам жарақат алды, 41 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрі (ІІМ) Қалмұханбет Қасымов.

"Барлығы 110 адам жарақат алды, олар ауруханаға жеткізілді, қазір 73 адам амбулаториялық ем қабылдауда, 15 адам қаза болды, 14-і Жаңаөзенде, 1-еуі Шетпеде", - деді министр сейсенбі күні өткен үкімет отырысы барысында.

Жаңаөзенде жарақат алған полицейлердің саны - 9, Шетпеде - 8.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды, 18 желтоқсанда көшелердегі жарық қалпына келтіріліп, көшелерді тазалау жұмыстары қолға алынды.

"Жедел-тергеу тобы күшейтілді. Бүгінгі күні 8 адам қамауға алынды, тағы 19 адам ұсталды, (...) 41 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны