19.05.2008, 18:34 2867

ҚР ІІМ жоғарғы оқу орындары басшыларының есірткі таралымына шара қолданбау жауапкершілігін күшейтуді ұсынып отыр

ҚР ІІМ жоғарғы оқу орындары басшыларының есірткі таралымына шара қолданбау жауапкершілігін күшейтуді ұсынып отыр

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жоғарғы оқу орындары басшыларының есірткінің таралуына қарсы шара қолданбағаны үшін жүктейтін жауапкершілігін күшейтуді ұсынып отыр. Бұл туралы бүгін өткен брифингте құқық қорғау ведомствосының баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Облыс әкімдерінің алдында есірткі саудасымен күрес комитеті оқу орнында есірткінің таралуына қарсы шара қолданбау бойынша жоғарғы оқу орындары мен орта мектептердің басшыларын жауапкершілікке тарту мәселесін қоятын болады", - деді Б. Қожахметов.

Бұл ретте ол нашақорлық және есірткі саудасымен күрес аясында ішкі істер министрлігі нашақорлық пен есірткі саудасына қарсы әрекет ететін жаңаша дәстүрлі емес түрлер мен әдістерді енгізеді, деп атап көрсетті. "Кең ауқымдағы есірткіге қарсы жедел профилактикалық шаралар есірткі сататын орындарды анықтап, оларды жоюға, ойын-сауық және оқу орындарында есірткіге байланысты қылмыстардың алдын алуға, "Есірткіні кім және қайда сатады?" атты есірткіге қарсы науқанның белсенділігін арттыруға бағытталады", - деп түсіндірді құқық қорғау ведомствосының өкілі.

"Кіреберістерде табылған шприцтерде есірткінің бар екендігі анықталар болса, саусақ таңбаларын алу үшін сараптамаға жіберілетін болады. Алынған саусақ іздері қылмыстарға қатыстылығы және аты-жөнін анықтау үшін мәліметтер базасында тексерілетін болады", - деп хабарлады баспасөз қызметінің жетекшісі.

"Сонымен қатар, оқу орындарының оқу корпустары мен жатақханаларда қызметтік іздестіру иттерін пайдалана отырып, жоспарланған рейдтік шаралар өткізу көзделіп отыр. Қазірдің өзінде автожауапбергіш режиміндегі "сенім телефоны" үздіксіз жұмыс істеуде", - деп толықтырды ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны