27.10.2009, 16:20 3140

ҚР Индустрия және сауда министрлігі мемлекеттік сатып алулар бойынша толық ақпараттар базасын жасақтамақшы

ҚР Индустрия және сауда министрлігі мемлекеттік сатып алулар бойынша толық ақпараттар базасын жасақтамақшы

Астана. 27 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Индустрия және сауда министрлігі мемлекеттік сатып алулар бойынша толық ақпараттар базасын жасақтамақшы. Бұл туралы бүгін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің басшылығымен "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақстандық үлес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымында ҚР Индустрия және сауда министрінің орынбасары Ерхат Есқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Заң жобасы үкіметтің бастамасымен Сауда және индустрия министрлігі әзірлеген, жұмыс тобының жетекшісі - депутат Мейрам Пішембаев.

Заң жобасы бойынша ҚР Индустрия және сауда министрінің орынбасары Ерхат Есқалиев баяндама жасады.

Заң жобасына сәйкес, "Қазақстанның келісім -шарт агенттігі" арқылы "төрт алаңды" қамтитын мониторинг жүйесі іске қосылады. Атап айтсақ, бұл бөлімде ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты ақпаратты орналастырса, әкімдіктер жүйе құрушы кәсіпорындарға қатысты ақпаратты, "Самұрық - Қазына" - ұлттық компанияларға қатысты ақпаратты, ал Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алулар туралы ақпаратты орналастыратын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны