19.08.2011, 11:10 3120

ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі тағайындалды

"Төлеушин Қанышты индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі қызметіне тағайындадым", - деп жазды ол Twitter-дегі жеке бетінде.

Астана. 19-тамыз. Kazakhstan Today - ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов жаңа ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрін тағайындады.

"Төлеушин Қанышты индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі қызметіне тағайындадым", - деп жазды ол Twitter-дегі жеке бетінде.

27 жасар Қаныш Төлеушин Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алып, "Ғылым және білім - 2001" студенттік ғылыми конференциясының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталған. 2005 жылы "Кәсіпкерліктегі инновация магистрі" мамандығы бойынша Оксфорд Брукс университетінде (Ұлыбритания) білім алуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясына ие болып, аталған университетті 2006 жылы тәмамдап шықты. Бұған дейін ол ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі индустриялық-инновациялық саясат департаменті инновациялық саясат басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны