19.07.2016, 18:04 4141

ҚР ішкі істер министрі терроризммен күресу үшін әзірленіп жатқан шаралар туралы баяндады

Еске салайық, кеше Алматыда террорлық акт орын алды. Алмалы АІІБ мен ҰҚК департаментініӊ ғимаратына шабуыл жасалды. Алты адам қаза тапты. Олардыӊ төртеуі полиция қызметкерлері. Қалада террорлық қауіптіліктіӊ қызыл деӊгейі жарияланды. Шабуыл жасаған қылмыскер, Қызылорда облысыныӊ тумасы, бұрын сотталған Руслан Құлықбаев ұсталды

Астана. 19 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметініӊ кезекті отырысында ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов терроризммен күресу үшін әзірленіп жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еске салайық, кеше Алматыда террорлық акт орын алды. Алмалы АІІБ мен ҰҚК департаментініӊ ғимаратына шабуыл жасалды. Алты адам қаза тапты. Олардыӊ төртеуі полиция қызметкерлері. Қалада террорлық қауіптіліктіӊ қызыл деӊгейі жарияланды. Шабуыл жасаған қылмыскер, Қызылорда облысыныӊ тумасы, бұрын сотталған Руслан Құлықбаев ұсталды, деп хабарлайды pm.kz тілшісі.

Осы оқиғаларға байланысты Елбасы Н.Назарбаев Қауіпсіздік Кеӊесініӊ шұғыл жиынын өткізіп, ҚР құқық қорғау органдарына бірқатар тапсырмалар берген еді.

"ІІМ Елбасыныӊ нақты тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған жеті іс-шараныӊ басты атқарушысы болып табылады. Біріншісі, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірге қолданыстағы заӊнамаға енгізу үшін түзетулер әзірлеуде. Мұнда экстремистік және террористік іс-әрекеттерге, оныӊ ішінде соғыс қимылдарына қатысу үшін шет елге шыққан тұлғалардыӊ азаматтығын жою және олардыӊ Қазақстанға қайта кіруіне бөгет жасау қарастырылады. Бұл мәселе келісілуде. Халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, мұқият қарастыруды талап етеді. Екіншісі, ІІМ дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы заӊ жобасы әзірледі. Биылғы жылдыӊ соӊына дейін ол Парламентке ұсынылады. Жақын уақытта заӊ жобасы заӊ шығару қызметі бойынша ведомствоаралық комиссияныӊ қарауына ұсынылады. Жоба бойынша ғылыми-құқықтық және экономикалық сараптама жүргізу қажет. Үшіншісі, тапсырмаға сәйкес биылғы жылдыӊ соӊына дейін министрлік аймақтарға шығу сапарларын, полиция қызметкерлері мен Ұлттық гвардияныӊ әскери қызметкерлерініӊ жауынгерлік дайындығы мен моральдық-психологиялық қасиеттерін тексеруді аяқтайды. Солардыӊ нәтижесі бойынша қажетті ұйымдастыру шаралары мен тәжірибелік шаралар қабылданады"-деді Қ.Қасымов.

Сондай-ақ ол министрлікте аумақтық ІІД-ніӊ бөлімшелерімен бірге Қызметкерлерді арнайы даярлау орталығы құрылатынын хабарлады.

"Төртіншісі, министрлік қолданыстағы заӊнамаға енгізу үшін қару-жарақ дүкендерін орналастыру, техникалық жабдықтауға қойылатын бірыӊғай талаптарды белгілеу үшін барлық қажетті түзетулерді дайындады. Бесіншісі, қазіргі уақытта министрлік дағдарыс жағдайларында төтенше қызметтердіӊ үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін халықты дереу хабарландыру шараларын жетілдіру бойынша шаралар қабылдауда. Алтыншысы, ҰҚК әзірлейтін заӊ жобасы шеӊберінде министрлік қолданыстағы заӊнамаға баспананы қысқа мерзімді жалға алу және қосалқы жалға алуды бақылау механизмдерін белгілеуді қарастыратын түзетулер енгізеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны