31.03.2009, 12:02 3160

ҚР Ішкі істер министрлігі Шымкент пен Қарағандыда есірткі тасымалымен күрес жөніндегі өңірлік арнаулы мамандандырылған екі басқарма құруды ұсынады

ҚР Ішкі істер министрлігі Шымкент пен Қарағандыда есірткі тасымалымен күрес жөніндегі өңірлік арнаулы мамандандырылған екі басқарма құруды ұсынады

Астана. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ішкі істер министрлігі Шымкент пен Қарағандыда есірткі тасымалымен күрес жөніндегі өңірлік арнаулы мамандандырылған екі басқарма құруды ұсынады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Есірткіге қатысты ахуалға жүргізілген талдауға сәйкес, Шымкент пен Қарағандыда есірткі тасымалымен күрес жөніндегі өңірлік арнаулы мамандандырылған екі басқарма құру қажеттігі туындап отыр ", - деді Б. Мұхамеджанов.

"Ол үшін біз ішкі резервті пайдалануды ұсынамыз", - деді ол.

Сонымен бірге, министрдің хабарлауынша, "арнаулы бекеттердің жұмысы бүгінгі күні күткен нәтижеге жеткізе алмай отыр және оларды техникалық бақылау құралдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ. Осы қолда бар күшті Шымкентке кіре берісте және Қарағандыдағы басты өткелде пайдаланған жөн деп санаймыз. Біз бар күшімізді соған бағыттайтын боламыз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны