17.10.2007, 16:23 3199

ҚР Ішкі істер министрлігінің бөлімшелерінде ашық есік күні өтуде

ҚР Ішкі істер министрлігінің бөлімшелерінде ашық есік күні өтуде.

Астана. 17-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының барлық аймақтық, көліктегі ішкі істер департаменттерінде және полиция бөлімшелерінде ашық есік күні өтуде. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ақпарат және қоғамдық байланыс орталығынан хабарлады.

"Іс-шаралар полицияның қоғаммен байланысын кеңейтіп, халықты ішкі істер органдары жұмыстарының нәтижелері туралы объективті және уақытылы хабардар етуге, полиция қызметін дәріптеу және полиция қатарына жастарды тартуға бағытталған",- деп хабарлады баспасөз орталығындағылар.

Баспасөз орталығының ақпараттарына сүйенсек, іс-шара аясында қоғамға полицияның жедел іс-қызметіндегі табысты мысалдар туралы хабардар етіп, халыққа тәртіп сақшысының киім-кешегі мен заманауи техникалар таныстырылады.

Іс-шараға ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болған қызметкерлердің отбасыларының мүшелері, жергілікті атқару органдарының, қоғамдық ұйымдар мен оқу орындарының өкілдері шақырылған, деп атап өтті Ішкі істер министрлігінің баспасөз орталығындағылар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны